Бақытты сәбилер жыламаған !!!
блог
Салем достар! Балалар мерекесі 1 маусым күніне қарсы арналған пост! Мейрам! Кезінде пайғамбарымыз айтқандай: сәбидің иісі жұмақтыңиісі,тағы да жұмақтың жұпар иісін сезінгін келсе,сәбиінді иіске -дегеен екен! Бәріміз де бала болдық,әлі де бала сияқтымыз)))). Ал қанша балалар ата-анасыз өсті? Жетім қалды? Туысқандары қаңғыртып жіберді,болмаса тіпті туысқандары жоқ! Болмаса, ата аналарының өз балаларына немқұрайлы қарауы! Әке шешесі наркоман,алқаш,жөзекше болса қандай тәрбие береді? Несін уйретеді?
Ондай жағдайда баланы үкімет өз қолына алады. Жетімдер уйлер Алматыда көп! Қайырымдылық жасау еш кімге не помешает! Бұл тақырыпты ќозғауыма Ардабек СОЛДАТБАЙдың masa.kz те жарияланған посты әсер етті. http://www.masa.kz/article/view/id/1327.
Ал,қайырымдылыққа келетін болсақ адамның шамасына қарай ,әрине! Қолдан келгенше көмек беру сауапты іс! Мысалға ,желания болса
Аджибаева Амина-Хаджи апамыздың жанұялық түрдегі жекеменшік қайырымдылық балалар үйі "Перзент"
Алматы обл., Қарасай ауданы,Абай ауылы. Алтын-орда көшесі , 6үйде орналасқан!
Байланыс телефоны:
тел +7(727)3272924
Ұя.тел. +7 701 345 67 45
+7 777 367 90 56
+7 700 446 24 82
Қазір Амина апай сияқты адамдар өте аз. Ол өз бар өмірін жетім балаларға арнады,оның үлкен жүрегінде қазақ баласына да,орысқа да,хадчикке де орын бар. «Алтын жүрек» премиясының иегері ,«Жетім балаларға көмек ретінде» 2010жылы номинация берілді!
Жетімді жылату қазақ халқына жат, бүгінде қоғамдағы ең бір өзекті мәселелер қатарынан орын теуіп отырғаны жасырын жайт емес. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген тәмсілдің түбінде қаншама салмақты ой мен ауыр сын жатқанын кез келген адам сезіне де бермес. Ал, Амина Әжібаева осы бір ауыр жүкті он бес жылдан бері арқалап келеді. Алғашында қайырымдылық шарасын жетім қалған 10-15 баланы асырап алып, жертөледе бастаған Әмина қажы қазірде «Перзент» атты сәбилер үйін ашқан. Жас ерекшелігі әртүрлі 14 қыз бен 27 ұл баланы қамқорлығына алған. Кішкентайынан жетім қалған бүлдіршіндерді бауырына басып, бағып-қағып, аналарының орнына ана болып, ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген Әмина апайдың еңбегі зор екендігіне еш дау жоқ. Оған аталған мекемеге келгенде көз жеткіздік. Осыншама уақыт ішінде 100 шақты сәбиді асырап алса, оның алды өз жолын тауып үлгеріпті.