Бақытты өмірдің әліппесі - Массагет

Бақытты өмірдің әліппесі - Массагет
жеке
блог

Сәлем Қазақ елі! Мен бірінші блогымды Massaget.kz сайтына алғыс айтумен бастағым келеді. Менің осы сайтпен досытығым осыдан тура 5 жыл бұрын басталды. Ол кез ҰБТ-ға дайындалып жүрген кез еді. Педагогтардың отбасында дүниеге келгендіктен бе, білмедім, қысқасы мектепі үздік оқыдым. Осылайша "Алтын белгіге" үміткерлерлің бірі атандым. Шыны керек ҰБТ-ға дайындалған соңғы бір жыл ішінде теледидардан, әлеуметтік желіліердің бәрінен бас тарттым. Менің тек қана бір кеңесшім және досым болды, ол-сіздер. Кей кездерде өзіме, арман-мақсаттарыма деген сенімділікті жоғалтқан кезде массагеттің қанатты сөздері менің бойыма сенімділік бітіретін. Әр күн сайын қандай пайдалы материал шығады деп асыға күтетінмін. Time-managmеnt, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, сән, психология осының барлығы менің толықтай өмір стиліме айналды.  Қазір тек осы сайттағы материалдармен шектелемін деп айта алмаймын, әйтсе де массагет сайты мен үшін бақытты өмірдің әлппесіндей. "Алтын белгімді" сәтті қорғағаннан кейін өзіме-өзім уәде берген едім, массагет.kz-ке рахметімді айтамын деп. Міне, осы сәт бүгін келген сияқты. Рахмет саған, Массагет!