Бақытты қайдан іздеймін?

Бақытты қайдан іздеймін?
жеке
блог

Біз бақытты адамды жүзінде мейірімі, шынайы күлкісі толы, көп нәрсеге қол жеткізіп жүр деп ойласақ, онда дұрыс ойлап жүр екенбіз. 

Бақытты болу қайғы-қасіретсіз өмір сүру емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге ризалық білдіруіңде. 

Адам жамандықты күтіп сол нәрсеге дайындалса алдынан жамандық шықпай не шығады? Кейбір адамдармен сөйлесе қалсаң басындағы бар қайғысын айтып салады. Ондай адамдар бақытты қайдан табарын білмей жүр емес, ол бақыттың не екенін түсінбей жүр! 

Бақыт - сені жаратқан Алланы еске алудан басталады, мұсылман адам қуаныш келсе шүкіршілік етеді, қайғы келсе сабырлық танытады. 

Бақытты болу үшін өзіңнің көңіліңді көтере білуің керек, өзің көңілді болсаң ата-анаңа, достарыңа, айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлай аласың. Сол көңілмен тереңірек ойлансаң жаңа ойлар пайда бола бастайды. Солай солай "маңдайыңа" жазылғанын көресің

Бақытты сен алыстан , мансаптан, атақтан іздеп ешқашан әуре болма!!! 
"Оны өз жүрегіңмен жасайсың!" 

P.S. Бақытты өздеріңнен іздеңдер, өтірік бақытты болып көрінудің ешкімге қажеті жоқ! 

P.S. Барлықтарыңа шынайы бақытты тіледім!