Бақытты едім...

Мен жалпы адамдармен көп араласа бермейтін, бөлек, өте тұйық адаммын. Мен жұмбақ адаммын. Өмірде не істеп жүргенімді, кіммен қалай сөйлесетінімді білмейтін, таяз ойлайтын, сенгіш,  әлі не қалайтынымды түсінбеген адаммын. Расымен, менің ешқашан ең жақын дейтін құрбым болмаған еді.  Мектеп кезінде барлығы бөлетін. Мен өзімді "менің түрім жаман" деп артқа тарта беретін едім. Мектеп кездер осылай аяқталды. Сыныптастарыма түсініксіз адам болып қала бердім.Өмірдің ағымымен жоғары оқу орнына түстім. Өзімді бұрынғыдан басқаша ұтай бастады. Көңілді жүруге тырыстым. Достарым пайда бола бастады. Осылай күндер өтіп, ең жақын деген құрбы кздестіргендей болдым. Иә, көп қызықтар бірге көрдік. Сырымды ашылып айтып, көз жасымды сығып алатынмын. Бірде бір сабақтан СӨЖ жаздым. Оны да жан құрбыма арнаған едім. "Мен қараңғыдан өте қорқатын адаммын. Құрдым маған -сені тек қараңғы бөлемеде ғана емес, өмірдің қараңғылықтарында да ешқашан жалғыз қалдырмаймын- деді. "  Менен бақытты адам жоқ еді. Мен Алладан осы бақытымды көп көрмеші деп сұрауды, бақытыма рахмет айтуды ұмытыппын. Неліктен екені түсініксіз бұрынғыдай барлық достарыммен арамыз суып барады. Бұл жазып отырғаным дұрыс па , бұрыс па білмеймін... Неге жазып отырғаным да білмеймін. Бүгін өте жабырқаумын. Өмірде өз орнымды қалай табамын? біреу мені түсінсінші деп айтпаймын, өзімді қалай түсіне аламын? мен өмірде нестеп жүрмін? Мен жазым , сіздер ойлайсыздар, шағымы ешқашан бітпейді әйтеуір деп. оны да біліп отырсамда, ішімді ақтарып жаздым. білмеймін. Жәй жаздым....



Бөлісу: