Сенесіз бе,өмірге келген әрбір пенденің бәрі бақытты.Жаратушы Иеміз ақыл-ой мен сөйлеу қабілетін жан-жауарларға,өсімдіктерге емес,тек адамдарға ғана берді.Міне,осының өзі-бір бақыт!Біз жан-жақты жетіліп, санамызға жақсы мен жаманды ажырата білуді,оқып,жазып,білім алып,болашағымызға сеніммен қарауды үйрендік. Әр күніміз бақытқа толы болсада,соны сезінбей,бақыттың негізгі кілті-байлықта болуы шарт деген ойдан арыла алмай жүрген жандар бар-ау,шамасы! Бұл, біріншіден тікелей өзіне,екіншіден араласып жүрген ортасына байланысты болуы мүмкін.Бәріне тез қол жезкізуді қалап,қиындық кездессе онымен күресуге күш-қайраты жетпей,оңайлықпен бәрінен бас тартуға дайын болып,өз-өзін іштей қинай береді.Сосын "бақытсызбын" деп өмірден түңіледі.Мүмкін, сол сынақтан кейін үлкен жетістік күтіп тұрғанда шығар.Кім білсін?!
Қарапайым бір ғана мысал,сіз аулаға әдемі гүлдердің дәнін таңдап алып,топырағын қопсытып,ектіңіз.Бірнеше күн өткен соң үнемі қадағалап,айналасын бөгде заттардан тазартып өсірген гүліңіз аулаңызға сән беріп,қызыл-сары гүлдерімен әсемдей түсті.Мұны көріп,әрине,қуанасыз.Еңбегіңіз еш кетпеді.Себебі,сіз бақытты жансыз!Әр нәрсені жүрегіңізбен,шынайылықпен істегенді ұнатасыз.Жүрегі таза адам,кез-келген дүниені қиындығына қарамай,риясыз көңілмен алға жетелеуге асық болады.Әркім болмашы ғана нәрсеге жан-дүниесімен қуанып,айналасындағыларды да бақытқа кенелте алады.
Өмірге мүлдем басқаша көзбен қараңыз.Күліңіз,мұңайған сәтте де жәй ғана жымия біліңіз.Үнемі бітпейтін тұңғиық ойдан арылыңыз,ойланыңыз,бірақ көп ойға бату денсаулыққа кері әсерін тигізетінін ұмытпаңыз.Досыңыздың,дұшпаныңыздың жеткен жетістігіне бірге қуаныңыз.Олардың бақытты сәтінде сізде бақыттымын деп есептеңіз.
Әр секунд,минут,әрбір өткен сағаттың өмірден алар орны бөлек.Ойламаған,тіпті күтпеген жерден,сізден асқан бақытты жан болмайтындай күйге ене аласыз.Арайлап атқан таң мен манаурап батқан күннің ішіндеде бақытты жан екеніңізді ұмытпаңыз.