Бақытты балалық шақ
жеке
блог
блог
Күрмеуге келмес күндерім,
Күлкімді ұрлап өтуде.
Бақытты бала күндерім,
Келмеске енді кетуде.
Базары тарқап дамылдап,
Қалды артта тәтті балалық.
Уақытты тоқтат, дабыл қақ,
Бір сәтке еске алалық.
Өмірдің сол бір кезеңі,
Балдаурен шақты кештірген.
Алыстап кеттің сеземін,
Мендегі қиял ескірген.
Болмасын зәру жылуға,
Әлемде барлық бөбектер.
Бақытын мәңгі қылуға,
Болайық біз де себепкер!