Бақыттан мың күлемін!!!

...кешір, Күлкім,

Мен сені жоғалтып алдым,

Жеңбейтін майданға салдым.

Мұңыммен арпалысамын деп,

Тағы да жабырқау қалдым.

...кешір, Сырым,

Сыбырлап айтып қойдым,

Ақылды ерте сойдым.

Айтпасқа еш болмады,

 Ауырлау соқты ойым тым.

...кешір, Көз жасы,

Саған тым көп жүгіндім,

Жанымды жалмады мұң.

Көңілім құздан құлап,

Айналды түніме күн.

...кешір, Оралмас сәт,

Естелік етіп сені,

Сақтаймын, түсін, мені.

Жүрегім ынтыққанның,

Табылды басқа теңі...

...кешірші, Сор Жүрегім,

Үзілмес бар күдерім,

Білемін,

Мен білемін!

Сәл шыда, бір күндері,

Бақыттан мың күлемін!

Қарамайтын ешқандай да күйіңе,
Мейлі өзгере берсін мына дүние.
Тек сен ғана рұқсат берші, өтінем,
Өзгермейтің қалыбыңды сүюге.

Түрлі адамның бетпердесі шешіліп,
Кінәларын жатса да олар кеш ұғып.
Саған ғана жарасатын кейпіңнен,
Өзгермеші, өзгелерге өшігіп.

Сынақтардан көз аша алмай қалсаң да,
Лайықты іске лайықсыз құн алсаң да.
Бұл өмірге тек өкпелеп қалмашы,
Теңізіне талай қайық салсаң да.

Жанға жақын жандар сенсіз өтсе де,
Сенсіз талай бақытқа қол жетсе де,
Адамдарды тек жек көріп кетпеші,
Ортан жолда тастап сені кетсе де...
Жүрегім...

Түн түндігін түрген сол шақта,

Адасып қияли бақта.

Санамдағы сағымданған бейнеңді,

Әуремін

шығарып жоққа.

Билеген бізді ерке бір сезім,

Жыраққа қашқан сабыр мен төзім.

Жаныңда өткен әрбір секундым,

Бақытқа толы өткен бір кезім.

Киноның бейне кадрларындай,

Сақталып қалшы санамда ұдай?...

Бақытты саған бұйырса екен,

Жаратқан Күллі Ғаламды Құдай!

 

Бұл қала менсіз, сенсіз жыламайды,

Менен де, сенен де ақы сұрамайды.

Топырақ жастанғанда, бізді ойлап,

Бір жапырақ ағаштан құламайды.

 

Бұл қала бізді іздеп, сабылмайды,

Бар адамды бар күйде қабылдайды.

Алайда, бұл қаладай қала бізге,

Білесің, табылмайды,

табылмайды.

 

Бұл қала кездестірді, ажыратты,

Жинап алды, қаласа, шашыратты.

Панасы болды басып бауырына,

Кеткен кезде адамның қажып бәрі.

 

Бұл қала сені маған ғашық етті,

Көруге, кездесуге асық етті...

Келуші, кетушіге шек қойылмай,

Кез келгенге есігі ашық еді.

 

Бұл қала санамызды алды арбап,

Бір парасын қойғандай бізге арнап.

Кім-кімді де қарсы алар құшақ жая,

Жатпайды ешкімді де таңдап, талғап.

 

Бұл қала ұқсамайды басқасына...(!)

Қойылар осы жерде тас басыңа...

Барыңды бар деп, "бір" деп білу керек,

Қайдан болсын бір қала бас-басыңа.

 

/сүгіреттер жеке мұрағаттан/



Бөлісу: