Бақытпен болашаққа хат

Бақытпен болашаққа хат
жеке
блог

...Мынау суретіңізге бақсам тәтті қиялдарға көміліп кете беремін. Құлақтың түбінен сыбырлаған ерке үніңізді естігім келетіндей. Әлемнің сұлулығы Мені екі дүниесімен қызықтырды. Бірі қойны- қонышы Мөлдір бұлақтарға толы таулар табиғаты болса, біреуі мен әлі көрмеген, кеудемнен демім шыққанша бауырымды жылытар, идеялымдағы Әйел тәні(Сізде өз идеялымдағы аруға тән белгілер бар екенін айтқанмын). Екеуіне де адал болсаң құшағы суымайтыны анық. Таудың салқын ауасын қаншалықты құштарлықпен жұтқым келсе, Әйелдің де ыстық деміне соншалық құмарлықпен өртеніп кеткім келеді. Дәл қазір көз алдыма елден оқшау, даңғазадан алыс, күнәкар пенделердің табаны тимеген таудағы жалғыз Үй елестейді. Маздата жаққан от, оттан да ыстық қан бойында тулаған екеу... Сізге ғашықпын ба деймін. Бірақ сол сезімді сездірте алар дәрменім жоқ. Дәрменім шынымен де жоқ. Сондықтан күйеммен сүйемді арқалайтын хат та жаза алмаймын. Анығында менде өзім ғашық дүниенің біреусі бар. Ол тау өлкесі. Мен сол тауға күнде барамын. Ағаш үйдің отын күніге маздата жағамын. Тек жылынатын екеу емес, жалғыз мен... Сол үйге екеу боп барсам мүмкін от жағу керек те болмайтын шығар. Мен Әр күні сонда барамын. Тау қойнауы меннен жеріген емес. Келе бер дейді. Келе бер дейді. Қашанғы жалғыз бармақпын онда?... Мені ғашық еткен Әйел жоқ жақын мезгілдеірімде. Ғашық болмақ түгіл, Мынау қыз жақсы жар болады ау деп, сыртынан болса да иемденіп жүрген де кандидат жоқ. Сүйе алмай жүрмін. Сүйе алмағаныма ұялмай жүрмін. Ұяламын- ау. Арман аруымды таба алмай жүрмін. Бүгін де сол таудамын. Сол оңаша жұпыны Үй. Маздаған от. Қып- қызыл шоқ. Пеште емес жүректе. Жоооқ жүрек маздап тұрған жоқ... Қалыш- Қалыш етеді... пеш те, от та, шоқ та пана болар емес... қайдағы отпен пеш, ұйқысыз аунап, жұмарлап тастаған көрпем, көрпем пана болар емес. Қайдан пана болсын, бойым лапылдап жанғанда керек болмай қалып лақтырып тастағаным қашан... Бойыңыз өртеніп жатса ұйқы қашады екен, ұйқы қашса сағыныш ұлғая түспек. Тағы да сізді есіме алдым... аппақ тәніңізді ұйқымен қоса қымтаған көрпеңізден қызғанатындаймын. Көрпе сыртындағы ақ білегіңіз ғана меннен қысылмай ашық жатыр. Нәзік саусақтарыңыздан аялап ұстап, тартып көрем, оянбайсыз. Тұрыңыз, кетейік тауға. Ақ қар басқан пәк өлкеге. Бәрібір оянбайсыз. Мақпал шашыңыздан иіскелеп, құлағыңызға сыбырлаймын. Оянбайсыз... амалсыз жалғыз тарттым тауға. Құшағы кең көркем тау менің сізді күндердің бір күнінде ертіп келетіме сенеді білем. Мені ешқашан аязымен қарыған емес. Қашан барсам үйімнің оты маздап тұрады. Суретіңізге қараймын. Даусыңызды естігім келетіндей... ...Мен таудағы оңаша үйімді ешқашан тапқан емеспін. Ылғида іздеймін. Кейде адасамын. Кейде суққа тоңамын. Таба алмай жүріп таң атады. Жалғыз қалай таппақпын. Тек Әр күні Қиялымда тауып жылынып қайтам. Тау махаббат, тау сезім. Оңаша мекенім Мені қатты сағынған шығар. Сүйгенін қашан ертіп келеді деп... менің тауға деген махаббатым суыған емес. Адалдығымнан да айныған емеспін. Маған сенім артып, көңілімнен шыға білген әйелге сол таудан да биік махаббат арнай алатыныма сенемін...