Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі «Ашық хаты»
блог
Бақытжан Қаратев қоғам қайраткері,ағартушы-демократ және заңгер болып табылады.Б.Қаратаевтың оқу жылдары Орынбор және Петербург,
Кутаиси секілді жерлерде өткізген. Ол 1907 жылдары Орынбор облысының депутаты болып, халық атынан сөйлейтін қорғаны болды. Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді.
Ағартушылықпен XX ғасырда айналысып , айды аспанға шығарды.
Қазақстанның публицисті ретінде оның шығармашылығы Қазақстаннан бастау алды. I Мемлекеттік Дума туралы заң шыққаннан кейін, 1907 жылы Орынбор қаласында қаңтардың 4-інен сәуірдің 27-сі аралығында «Орал» газеті жарық көрді.Осы большевиктік газетте Бақытжан Қаратаевтың қазақ еңбекшілерінің атынан ақыларын жеген орыс халқына арнап «Ашық хаты» жария етілді.1908 жылы Думаның жиналысында Бахытжан Қаратаев сөз сөйледі.Атарға оғы жоқ Б.Қаратаевтың сөйлеген сөзі «Ашық хаттағы » сөздермен сәйкес болды.Себебі, халықпен санаспай еш хабарсыз қоныстандыру Бахытжан Қаратаевті ашуландырды.Бұл жағдайды әділетсіздік деп тұжырымдады.
«Ашық хатта » орыс патша шенеуніктердің қазақ еңбекшілерін әбден әуреге салып, қысым жасап, алқам-салқамы шыққаннан соң ,олардың жерлерін тартып алып,ие болғаны туралы айтылған.Еске алсақ,төбе шашы тік тұрған еңбекшілердің басар тауы болмады. «Орыс халқына дұшпандықпен айтып отырған жоқпыз!Біздің бәріміздің ортақ жауымыз-ол самодержавие», –жер мәселесін шешуді айтқан.
Екінші мәселе ретінде қазақ халқының жерін тартып алып, күнкөріссіз қалдыруы болды.Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан бұл саясат халықтың жағдайын нашарлата қоймай,түбіне жетті десем де болады.Б.Қаратаев қазақ халқы көшпелілер болса да,олардың ішінде отырықшылар да бар деп сөзге тиек еткізген.Олардың егіні, баспаналары бар,басқа қонысқа көшу аса ауыр тигізді.Сонымен қатар, олардан үйлерін күштеп алып жатқаны туралы айғақ бар деп ит терісін басына қаптады.
Дума жиналысында Б.Қаратаев 10 минуттай сөйлеп,10 минут ішінде барлық мәселелерді қозғап,сыйдыра білді.Б.Қаратаевты осы негізде халық үшін жайдың атқан тасындай екені көрініп тұр.Біз білетіндей,сол заманда шындықты айта білу-бұл ержүректікпен тән.Б.Қаратаевтың жібі түзу адам екенін және қазақ халқына адал заңгер екенін дәлелдеген десем де болады. Думаның шешімінде патша үкіметі жер мәселелесін халықтың талаптарына сай шешпейтінін жеткізген.Бірақ,Б.Қаратаевтың «Ашық хаты »
«Большевиктік Орал», « Қазақстан»,»Айқап» секілді газеттерде жария етілді.Бұл хат «Большевиктік Орал» газетінің жабылуына түрткі болды.
Қорытындылай келе, Қазақстанның азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін ақылын, ерік-жігерін аямай, бар өмірін сарп еткен мемлекет қайраткерлерінің алдыңғы сапында әрқашанда Бақытжан Бисалыұлы Қаратаевтың есімі аталып, оның жарқын бейнесі халықтың есінде сақталмақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ "Журналистика" факультетінің 1курс студенті Қыдырғазықызы Аружан.