Бақыт жолына сапар

Бақыт жолына сапар
жеке
блог

 

 Өмір күрессіз тұрмайтын, тынымсыз тылсым құбылыс. Сол бір тылсым құбылысшыл теңізде балықтай қарманып, тіршілік еткен сен де, бір пенде.

Қашан теңіз бетіне қалқып шығып, қашан теңіз түбіне сүңгимін немесе қашан теңіз тасына соғылып, қашан жағаға шығып қалам деген, беймаза күдікпен өмір сүре тұра, бақытқа жетем деп армандаған, адам екеш, адамнан артық тіршілік иесі бар ма десеңші. Иә, адам алғыр, өжет, ақылды, сезімтал, мақұлықтар секілді емес, көкірегі ояу, көзі ашық, саналы, сарсаңшыл сөйте тұра абыройлы да, арлы, әрі батыл. Ал,  мінезге келетін болсақ, енді, бұл салада әркім, әртүрлі. Біреу ағыс ізімен өмір сүрсе, біреу ағысқа қарсы жүзеді. Әйтсе де, бұралаң өмірдің бұлтартпас толқынына төтеп берген жандар да, аздың қасы. Өмір Онсыз өтер ме?

Адам адам ба?

Біреулер шыңға арқансыз көз тігіп, бақыттан сормаңдай болып, енді біреулер бақыт үшін, құмырсқаша күйбең тіршілік кешіреді...

Осы бір ойды жаздым да, терезе жаққа ұзақ көз тіксем, қос көгершін, анау жердегі бір құсшының әуеніне би билеп жатыр екен. Қызыққаным сонша, өзімді құдды  бір басқа әлемде жүргендей сезіндім. Апырмай, әә! Осыншама, табиғаттың  жан дүниесіне, шексіз көз тастауыма, адам баласының бәрі бөлене алмайтын сезіммен, ойға шомуыма, осыншалық не әсер етті екен?

Балалық махаббатым ба? Жоқ. Құстардың биімен, құсшының ысқырығы ма? Жоқ. Құдай-ау, енді не болды екен. Тағатым әбден таусылды. Үнсіз ғана, ой үстінде отырып, өзімнен-өзім қарқ етіп күліп жібергенім сол-ақ екен. Анамның бір сөзі басыма қайта оралды. Ол кісі айтушы еді. Құлыным-ау, шыдамсыз болмасаңшы, асықсаң шайтан өз ырқына көндіреді. Асықпа, әр нәрсеге байыппен қара, байыппен қарасаң, бәрі де өз еркімен ойыңа оралады. Тек сәл сабыр етші, – дейтін. Байғұс анамның сол бір ақылы бүгін маған азық болардай, 10 минут бойымды, қайдағы жоқ ойлардан босатып, еріксіз бақытты қиялымда жасай жөнелдім. Қиялым кілт үзілді.  Осы кезде аңғарғаным, ескі стол үстіндегі кітаптардың шетінде, бір жыртық-жыртық, ескілеу кітапқа көзім түсті. Орнымнан ұшып түрегелдім де, кітап тұрған үстел шетіне бет алдым. Қолыма ұстап қарасам, «Махаббат, қызық мол жылдар» – деген кітап екен. Авторы, Әзілхан Нұршайықов. Әп, бәлем! Мынау, менің бір жеті бұрын оқыған кітабым ғой. Иә, солай. Енді ғана ұғындым, өзімнің бір жеті бойы қиялға батып, еріксіз мейірім мен сүйіспеншілікке бөленіп жүргенімді. Бәсе-ау, құдды бір басқа әлемде жүргеніме не себеп десем, осы кітап екен ғой. Иә, Ерболдың шексіз махаббаты. Осындай адам жандүниесін баурайтын ерекше сезімге толы шығарманы жазу үшін, басқа адам дүниесіне терең бойлар ма екен?

Әлде, адам жандүниесін осыншалық ұғынарлық қасиеті бар ма? Ол не, көріпкелдік пе? Жоға сормаңдай басым тағы да адастым, көріпкелдігі несі? Осы менің-ақ жазған сайын шығармаларым мен ой түйгендерім адам санасына жеткіліксіз болса да, кейде өзімше жазушылар, ақындар сынды қиялдаймын. Мына түрімді қарашы, ой бір әлемнің данышпаны секілді. Көріпкел деп қоям, осынша өнер иесін осыншалық балағаттауға бола ма екен?

Екі қолымды басыма апарып,  бетімді уқаладым. Содан соң бағанағы белгісіз әсерім туралы жазған ойымды умаждап қоқыс жәшігіне тастап, енді бір жаңа бетке белгілі бір  ойды жаза бастадым. Ол кітаптан алған ләззатым еді, соны енді ғана ұғынғанымды білгенде кірерге жер таппай қалдым.

Қой, енді дұрыстап жазайын, бір сәт өзімді өзгеше сезінгем екем, неге ерекшелеу етіп жазбасқа. Осы кезде бір ой басыма сап ете түскені. Жазсам ба, жазбасам ба? Егер жазсам мүлдем бөлек ой. Ал, жазбасам онда осы шығарманы суреттеген талант иесін мойындамағаным емес пе? Олай етер болсам, оным қасірет. Өй, тағы да екі ойлы болып қалдым ғой. Менен өзі жазушы шыға ма, шықпай ма? Әлде осылай ақынсымақ болып жүре беремін бе? Бір сәт өз бағымды сынап көрсем деп едім. Енді неге ойланып отырмын. Жарайды, бастадым.

Жаздың шырайлы да, шуақты әсем кеші еді. Көшеде, таза ауамен серуендеп жаяу келе жатқам. Өзімнен-өзім сөйлесіп, өз ойымды өзім құптап қоям. Бір кезде көз алдыма бір ерекше сәулелі жарық түскендей көрінді. Өзімді-өзім иемдене алмай қалдым. Пах, шіркін осыншама сұлулық иесі болады екен ғой. Шашы иығына түскен, көзі мөлдір, ерні шиедей, оймақ ауызды, жүзі сүйкімді, жанарынан мейірім ескен, орта бойлы, қара шашты, қазақ қызына көзім түскені. Алдымнан шыға келгені сол-ақ, мен жаутаңдай қарап, сәлем дедім. Неге айттым, өзімде түсінбей қалдым. Ол да маған жайменен қарап: «Сәлем», – деді.   Сондағы даусының нәзіктігін, дауыс ырғағын байқасан ғой шірікін. Ауылдан осындай қызды бірінші рет көргенде, өз жеріме деген сүйіспеншілігім арта түсті. Үйге жүгіріп барып, орындыққа жайғаса кеттим де, әй-шайға қарамастан өлең жаза бастадым. Арманым сол бір қыздың бақыты болу. Кенет ана бөлмеден анамның даусына құлақ түрдім. Әкеме бірдеңелер айтып жатыр екен.

– Көрші үйге қоныс кіріпті.
– Қайсы үйге? Кімдер екен? – деді, әкем. 
– Әй, ана Сәскеннің үйін айтамын да, қаладан келді деседі. 
– А, қаладан осы-ақ келгіш болып кетіпті ғой – деді, әкем. Қуанып кеттім бағанағы қыздың қаладан келгеніне енді кәміл сене бастадым. Оған жазған өлеңімді аяқтап болған қалпым, сол күйі ұйықтап кеттіппін. Ертесіне анамның: 
– Су әкелсеңші, үйде бір қатық су жоқ қой – деген, айқайынан оянып кеттім. Тұрдымда,көрші қызға жазғанымды, яғни ішінде:

 

Көрші қыз,

 

Жылдан жылға адамда артып құлшыныс..

Көшіп келіп,көшіп жатыр  көршіміз ,

Бұл көшеде маган таныс бар ма екен,

Сенен өзге көрші қыз..

*

Есік алды бейтаныстар қаптаған,

Жатқа қарап өз –өзімнен жаттанам

Сені ғана көрсететін көзіме

Мен отырар сіра бар-ау садта мән.

*

Көзге ұзын көрінетін бұрымын,

Бұрымынмен жарасатын қылығын.

Көрші қызға,ғашық болған көрші ұлдын,

Мағынасы боп келесин  жырынын

*

Еркімді алып Сіздегі бар қылық тым ,

Бұл көшеде мен де өзімді ұмыттым..

Танысуға үн қатқандай жасқанар,

Жанарына,сырға  толы тұнып  мұң..

*

Саясында қап қоярдай күдіктін,

Өте бердің жүздерінді бұғып мың..

Сізді ессіз сүйерімді- ай бірақ,

Бұл көшеде  жатыр дейсіз біліп кім.

С/Н: Ермек

-деп жазылған, хатты қалтама сала ,далага шыгып бәк салынган арбаны сөйрей   суға жөнелдім. Сондағы ойым бағанағы қызды көру еді. Кенет алдымнан сол қыз шыға келді. Іздегенге сұраған деген, хатты бердім де, бұрылып кете бардым. Сонда ол маған жәйменен 
- Ерболдай бола аласың ба? – деп үн қатты. Мен кідіріп қалдым ,бірақ түк те  түсінбедім. Үйге келіп Ерболы кім деп ашуланып, әжем жинаған кітаптарды шашып, ашуланып жатып ұйықтап кетіппін. Ертесіне анам мен, әкем екеуі ойласып ,мені қалаға оқуға жіберетінін айтты. Мен қуанып барып, жылап жібердім. Өйткені енді ғана ғашықтық сезімін бастап кешкен ем. Сөйтіп түс болды, есік алдына шықсам кешегі хат  берген қалалақ қыз жүр екен. Маған: 
–  Салем  – деді. Мен ашуланып: 
–  Не керек, – дедім. Ұялды ма, әлде менің осындай оғаш сөзімнен сескенді ме? Үнсіз хатты берді де, үйіне жүгіріп кетті. Ал мен ақымақ – дедім де, бар Ерболыңа деп хатын оқымастан жыртып тастадым, сөйтіп, ақшам уақыты ауғанда қалаға оқуға жол тарттым ?Сөйтіп бір жылда өте шықты бір жылдан соң ауылға демалысқа келгенде әлгі қызды көріп қалдым. Жоға сөйтсем ол менің  келетінімді біліп күтіп жүр екен ғой. Маған тағы да: 
– Сәлем! – деді.
– Қалайсың, Ербол? 
– Жақсымын, бірақ Ерболы несі дедім. Ол күлді де ертең кешке осы жерге келші деді. Ертесімен уәделескен жерге бардым. Сөйтіп ол маған бір кітап ұсынды да,  сен мені түсінбепсің ғой, сен емес, мен Ербол болып жүр екем деп ренжіп кете барды. Үйге барып, кітапты қарасам, «Махаббат, қызық мол жылдар» екен. Бұл не кітап, мен бе, кім Ербол ол ма? Түсінбедім.

Кеш ауа кітапты бастағаным сол-ақ екен, қалай аяқтағанымды білмей қалдым. Енді түсіндім. Ақымақ басым-ай. Жедел қалалық қызға хабарласып, кешірім сұрадым. Уақыт өте менің ғашықтығымның өзі менің өміріме сабақ бола тұра, бақыт боп орнады. Осылай шимайлай отырып, өз шығармамды аяқтадым да, қалалық қызға  апарып бердім.    Авторы: Досжан Нұрболат