Бақыт деген не?
блог
Сонымен, бақыт деген не? Әлдебіреулердің түсінігіндей ат басындай алтын ба ,жоқ әлде тәтті тағам ба, болмаса қымбат шетелдік көлік пе? Ал меніңше бақыт - сезім. Мөп -мөлдір шық тамшысындай таза, жақұттай жалт-жұлт еткен сұлу , анашыңның құшағындай жылы сезім !
Сезім...сұлу сезім...бейкүнә ,пәк сезім -сенің сәби күнің , албырт шағын, яғни көктемдей құлпырған жастығын . Толған айдай толысқан әсем сезім - дүниеде өз орныңды тауып, мақсатына жеткен жерің . Тып -тыныш ,жайма - шуақ жылы сезім - шау тартып, еліңнің бейбітшілігін , отбасыңның мейірімін сезінген кезің .
Бақыт мұншалықты тәтті болса, ол екінің бірінің қолына қона бермейтіні тағы ақиқат. Бақыт тек қана өз қадірін білетіннің ,өзі үшін талмай күресе білгеннің еншісінде болмақ. Бақыт туралы әркімнің өз түсінігі бар. Мәселен, мақсатына жеткен жан мен ішуге бір шөлмек тапқан маскүнем сияқты болар сірә?...