Бақыт деген ...

Бақыт деген ...
жеке
блог

Бақыт деген өзіменен самғатады адамды,

Бақыт деген құдіретімен жылытады жалғанды.

Бақыт дер ем жас сәбилер толассыз күліп – ойнаса,

Бақыт дер ем қол ұстасқан үміт пенен арманды!

Иә, бақыт! Бақыт! Бақыт! Осы сөзді естігенде, не болмаса аузыңа алғанда бір өзгеше сезімді көз алдыңа келтіресің ғой. Келтірмейсің-ау сезінгендей боласың. Бірде "Бақытты адам болмайды, тек бақытты сәттер болады" деген жолдарға көзім түсіп кетті. Содан бірден терең ойға шомып кеттім... Пенде болған соң ойлап жүрген жоспарымыз іске аса қалса немесе көптен бері қалап жүрген затымызға қолымыз жетсе өзімізге "Мен БАҚЫТТЫМЫН" деп шаттанып, аспанда (бұлттардың арасында) жүретін кезіміз болады ғой. Бірақ шындығында ол жай бір сәттік қуаныш қана. Тіпті кейде егер мынадай болсам, анандай зат менде болса "Менен бақытты адам болмас еді-ау" деп немқұрайлыққа да жол беріп жатамыз. Қанағатшылдықтан аттап өтіп, дүниеқорлыққа да жетіп жатамыз ғой. Менің мына жерім неге мынандай емес, мына жерім неге анаған тартпаған деген сияқты теріс пікірлер тудырып жатамыз...

Осылай "ҚАНАҒАТ" деген нәрсені түсіне алмай жүргенде уақыттың да қалай зымырап кеткенін байқамай қалмаймыз ба екен деп қорқамын кейде!

Тек бір білерім бар біз өмірге келгеніміз үшін, өмір сүріп жатқанымыз үшін шексіз қуанып, "МЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫМЫН" деп айта аламыз!

Әрине, бұл менің жеке пікірім. Қателіктерім болса айта жатарсыздар. "Сын түзелмей, мін түзелмейді" деген ғой бабаларымыз.