Университеттен шығып, аялдамада тұрғанмын. Мұрны пышылдап бір кішкене бойлы /балмұздақ/ қыз жылап отыр екен. Жанына бардым да:
-Не болды, неге көңілсізсіз, бері қараңызшы.... жылап отырсыз ба?
-Иә, мен бақытсызбын... (мұрнын бір тартып қояды)
-Не болды, мүмкін айтып ішіңіздегіні сыртқа шығарып жеңілдеріз?
-...
-Әке шешеңіз жоқ па?
-Бар. Құдайға шүкір- деп аларып қарады.
- Деніңіздің саулығында бір кінәрәт бар ма әлде?
-Құдай сақтасын қайдағыны айтпаңызшы- деп ашуға бұлыға бастады.
- Әлде Сізді біреу күңдікте ұстап отыр ма, сізге қоқан лоққы өрсетті ме?- дедім жалғастырып
- Жоға, ондай ештеңе жоқ.
-Онда неге жыладыңыз..., айтыңызшы дедім. Орнынан тұрды да автобусқа қарай жүгіріп кетті.
Бұл жағдай ұмытылып кетті кейін. Күндердің бір күнінде университеттің алдында тұр екен, маған көздері жайнап жүгіріп келді де:
-Әпке, өткенде болмашы нәрсеге жылаппын. Сіздің сөздеріңізден соң ойландым. Расында менде «әлгі» Сіз айтқан жағдайлар жоқ, шүкір. Сондықтан мен бақытты екенімді түсіндім, рахмет- деп бұрыла бергенде, менің қызығушылығым оянып:
-Сонда неге жыладың?- деп сұрадым.
-Маған ұнайтын жігіт менімен сол күні сәлемдеспей өтіп кеткен- деп алып, өзі расында ұялып кетті.
Басымызға біткен бар бағымызды бағалай білейік
Келесі жылға тек таза күйімізде енейікші, достар. Барлық негативті, керек емес кекшілдікті, қажет емес қастықты, артық алауыздықты, сасық сараңдықты, өзекті өртеген өкініштерді, себепсіз ренішті, нәпсіні, қазақты жалмаған жалқаулықты, кір киімімізді))) бәрін бәрін өткен жылға тастап кетейікші. Өткен жыл бұған ренжи қоймас. Солай ма Жылан? Біз жеңіл,бақытты, шабытпен, көтеріңкі көңіл күймен жылқыға қарғып отырғымыз келеді. Олай болса бәйгеден бәріңізге нәсіп бұйырсын. Бір-бірімізбен тайталаспай, қарсыласпай шабайық. Бәрібір сәреге бірдей жетеміз ғой. Ал, олай болса қамшыларыңды сайлаңдар, қазақтар!