Телефон шырылынан селк еттім. Белгісіз нөмір... "Кім болды екен?....." Біраз қарап отырып, алдым.
-.... /нөмір белгісіз болғанда үнсіз тұратын әдетім/
-Как дела?....
-.... /бұл қайсы екен, таңнан қылжақтап тұрған?/
-Алло?... Почему молчим? Не узнала?
-Бұл кім? /жақтырмадым./
-Жан, ты меня не узнала?
-Номер незнакомый! и почему я должна.... /даусынан танып, біліп, Ол екенін сезіп тұрсам да, телефондағы белгісіз номерге сенбедім/
-А а а))))
Күлді. - Только тебе одной буду снится ночами я...
-Досик, сен бе? /біраз уақыттан бері "Сізді" қойып, "Сенге" көшкем))
-Да.../әдемі жымиысы келді көз алдыма/ Біраз уақыттан бері жұмыс бабымен екеуміз екі қалаға кетіп, көріспей қалып едік. Сағынғаным соншалық, жанарыма жас келді, мөлтілдеп...
-Балапан, сен тек жыламашы, ия? Бәрі дұрыс па? Я знаю, ты соскучилась, и я, очень-очень....
-Дос,..../ұзақ сөйлестік, бұл жолы./ Бір қалада жүргенде екі айда бір кездесуші едік. Кезінде... Енді екі жақта жүргенде, шынымен қиындау екен...
-Соскучился... Очень... Кеше сені іздеп жұмысыңа барсам, іссапарға кетіпсің, маған айтпастан. Сен жоқ үйге барғым келмеді. Ұлымды көріп, мамамның "қал" дегеніне қарамастан, қайтып кеттім. Телефоның да сөндірулі болды. Бәрі дұрыс па? /Сүйіктіңнің адал әрі жанашыр жан досың болғаны қандай бақыт десеңші?!/
-Заанаааа, өзіңе абай болшы, ия? Менде бәрі дұрыс. Уайымдама. Вечером созвонимся, хорошо? Целую,..-деді.
-..../менде әдеттегі үнсіздік./
Соңынан байқағаным, орысшасын қайта бастағаны. Мазасы кетіп, бірдеңені уайымдағанда орысшасына басатын әдеті бар. Соған қарағанда, әлде мені, әлде өмір есігін ашуға аз қалған екінші ұлын ойлап, уайымдап жүр...
...Жұмыс істеп жүрген менің де есім дұрыс емес шығар, сірә?...