Қашанда қолда бардың Қадірін білмейтін, Жоғалғанды Мадақтап, Алтынмен қаптайтын елміз ғой!
Өлгенде Мақтап, Тірісінде елемитін - ҚАЗАҚпыз.
(көпке топырақ шашпаймын!).
НАР ТҰЛҒА…!
Биыл Алаштың Арда туған, Биік тұлға, Тұңғыш Бард әнші Азаматы - Аяшұлы Табылды Досымовтың туғанына 50 жыл.
Көзі тірі болғанында Ердің жасы-50 деп Қарапайым ҚАЗАҒЫМЕН бірге тойлар еді...
Амал қанша, Сұм ажал арамыздан Арыстай Азаматты ерте алып кетті.
"Жақсының аты-Өлмейді"- дейді Халқымыз. Өзі Бақилық болсада, артында Өлмес-Өшпес Әндері қалды.
Әндеріңізді тыңдап, айтып жүрсекте Жайдары жүзіңізді Сағындық Аға!
Бұл Дүниеде Жете алмаған жасыңыз бен Көре алмаған Қызықтарыңызды және Орындалмаған Армандарыңызды артыңызда қалған Ұл-Қыздарыңыз жалғасын!
"Ер есімі-Ел есінде"-дегендей, Қарапайым Қазағың мен Жүрегі елім-деп соғатын Саналы Ұрпақтар барда Атың да, Әндеріңде ешқашан өлмесі анық Аға…!
…БАҚҰЛ БОЛ Аға…!
Мінгенің - Пырақ, Қараңғы үйің - Жарық, Жатқан жерің - Жайлы, Топырағың - Торқа болсын Аға!
©Алтын Жолдыбайқызы