Бақдәулет ағама!

Бақдәулет ағама

 

Ағасы бардың, дейді халық – жағасы бар,

Сіз секілді бола алмас көп асылдар.

Ағалық мейірімің, ықыласың,

Жүрегімде мәңгі боп сақталынар.

 

Сіз кезіккен ризамын тағдырыма,

Туғанымдай, болдыңыз жанға пана.

Қиын-қыстай күндерім түк те емес,

Қарындасым жалғыз деп жұбатқанда.

 

Сіз күлгенде нұр тұнады жүзіме,

Сіз қуанып жүрсін деймін өмірде.

Сіздей ағам бары үшін Аллама,

Шүкіршілік етіп жүрем мен күнде.

 

Жақсылыққа жаны құмар, наласыз,

Асқар тау боп жүрегімде қаласыз.

Жыр жолдарым арналды тек жүректен,

Ағатайым, сіз біртуар дарасыз.

 

Тау тұлғалы Бақдәулеттей ағам бар,

Анам, әкем, таңдай қағар далам бар.

Мендей, сірә, бақытты жан жоқ шығар,

Өмірінде жанашыр тірегі бар.

 

Бақ дарыған, дәулеті мол жан ағам,

Отбасыңда орнамасын күн жаман.

Отағасын дәл өзіңдей таңдаған,

Жарыңыз бен ұлыңызда жоқ арман.

 

Сіз туған жер Шымқала, сіз өскен жер,

Бақыт құсын қондырған ұлы мекен.

Дәл өзіңдей тудырған ұлы жанды,

Шымкент деген мекенге басымды ием!

 

Арылмасын отбасың шаттық үннен,

Сізге арналды әр шумақ, әрбір өлең.

Алла маған сыйлаған асқар тауды –

Бақдәулеттей ағамды сыйлап өтем!!!



Бөлісу: