Үндемеймін,
Жүрегіңнің мен есігін қағам да...
Көмейін бе? Сезімімді жағам ба?
Сен қош көрмей, жетім еткен сезімнің
Керегі жоқ маған да...
Жалғыздықта,
Арманымда жортамын,
Хошын аңсап өзің жүрген ортаның
Өткенім - мұң, бүгінім - түн, қараңғы -
Ертеңімнен қорқамын...
Балға қонған арадай боп көзге мұң
Тұнып қалды.
Керегі не төзгеннің?!
Аман болшы!
Алаң болма мен үшін -
Бағы болман өзгенің!
Авторы: Назерке СЕМЕЙ