БАҒДАРЫ АНЫҚ БІЛІМ ОРДАСЫ
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады.
ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді. Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазіргі әлемдік пандемияға байланысты қашықтан білім берудің үздік технологиялары мен әдіс-тәсілдерін пайдаланып жатыр. Алғашқы оқу ағымында қашықтан білім беру барысында «Универ 2.0» жүйесі шәкірттің қолайлы білім алуына барлық жағынан тиімді болды деп айта аламыз. Универ жүйесіндегі қашықтан оқыту бөлімі үй тапсырмасын жүктеу және оқытушылардан кері байланыс алу барысында өте тиімді болды. Әсіресе, қысқы емтихан кезінде Универ жүйесіндегі емтихан кестесі және оған кіретін сілтеме, емтихан уақыты мен нұсқау ережесі барлығы бір жерге топтастырылып берілгені білімгерлер үшін ыңғайлы болды.
Кафедра оқытушылары қашықтан оқыту технологияларын толығымен меңгеріп, оларды теориялық және практикалық білім беру барысында барынша пайдаланғандығын айтқымыз келеді. Кафедра меңгершісі Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы доктаранттарға ғылыми бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы «Лингвистика тарихнамасы» және «Лингвистика саласында ғылыми-зеурттеулерді жобалау» пәндері бойынша «Microsoft Teams» бағдарламасын тиімді пайдалана отырып дәріс жүргізді. Таусоғарова Аяужан Қайратқызы «Лингвистикадағы антропоцентристік парадигманың ғылыми доминанттары» және «Лингвистикалық философия» пәндері бойынша дәріс жүргізді. Лингвистика саласындағы соңғы жылдардағы жаңа зерттеулерді саралай келе, әр сабақ сайын доктаранттарды қызықтыра отырып, лингвистика саласы бойынша терең іздене түсуге баулыды. Оқытушылар тарапынан ғылымға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, үнемі әр түрлі ғылыми бағытта онлайн іс-шаралар ұйымдастырылуда. Дәлірек айтсақ, әлемдік журналдарға мақала берудің талаптары мен ережелеріне байланысты және сапалы ғылыми жұмыс жазудың қағидаларымен бөлісті. Жарияланым этикасы жайлы толық ақпараттар берілді.
ҚазҰУ сайтындағы жалпы ақпараттарды 9 тілде алуға болады. Бұл шетелдік студенттер үшін және өзге ұлт өкілдері үшін өте қолайлы болып табылады. Жүйедегі ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ бөлімінде ғылыми журналдар деген бөлімше арқылы білімгерлер көптеген ғылыми еңбектермен танысуда. Бұл бөлімде университеттің ақпараттық ресурстары, отандық және шетел зерттеушілерінің ғылыми зерттеулері жарияланып отырады. Мұндағы әр журналдың өзіндік мақаланы рәсімдеу жөнінде өзіндік талаптары бар. Талаптардың журналдардың жеке сайттарында көрсетілген. 1992 жылдан бастап Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ» журналын шығарады. Студент, магистрант және докторант студенттер онлайн режимде өтікізіліп жатқан конференциялар мен ғылыми жобаларға белсене қатысып, онда ғылыми мақалаларын жариялауда.
Ойымызда қорытындылай келе, әрбір ғылым жолына түскен жас ғалымдар үшін, олардың жеке тұлғалық дамуы мен ғылым жолындағы талпынысына ҚазҰУ-да барлық мүмкіндіктің қарастырылғандығын айтқымыз келеді.
М.Жамбылқызы
Ио доцент
Д.С.Есалы
1-курс доктаранты