Қазіргі таңда теледидар, радио секілді бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы қоғамға ықпалы күннен күнге артуда. Себебі ақпараттандырылған заманда БАҚ-тың маңызы қашан да зор. Соның ішінде әсіресе, теледидар - жасы үлкен кісілер, жастар мен балалар арасында да ықпалды. Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, елімізде телекөрермендер саны өте көп. Нақтылап айтқанда, Қазақстанның ірі қалаларында 3 милионнан астам халық күнделікті теледидар көреді екен. Ендігі кезекте осы статистикаға сүйене отырып, телебағдарламалардың қаншалықты өзекті екенін аңғаруға болады. Қазірде телебағдарламар жан-жақты бағытта екені бәрімізге мәлім. Бағдарламалар арқылы аудитория қажетті ақпараттармен, деректермен танысып қана қоймай, белгілі бір деңгейде өзіндік көзқарас қалыптыстыра алады. Бағдарламалардың ең бастапқы міндеті ақпараттандыру болғандықтан, ең алдымен ақпараттық бағдарламалар көрерменді қоғамдық-саяси тоу-шоулар әлемде орын алып жатқан соңғы жаңалықтармен хабардар етеді. Оған қоса, бағдарламалар - аудитория үшін білім көзі болып табылады. Мысал ретінде деректерге толы ғылыми бағыттағы бағдарламалар біздің ой-өрісімізді арттырып, ғылыми жаңалықтарды көрсетеді. Бұл - бағдарламалардың білім беру жағынан атқаратын рөлінің маңыздылығына бірден бір дәлел. Бағдарламалардың тағы бір артықшылығы - әлеуметтік мәні. Әлеуметтік бағыттағы бағдарламалар, түрлі әлеуметтік ток-шоулар қоғамдық сананы оятуға, қоғамдық пікір қалыптастыруға, өзекті мәселелерді жан-жақты талқылай білуге ықпал етеді. Бұдан бөлек аудиторияның көпшілігі ойын-сауық бағдарламаларды қарағанды ұнатады. Себебі, мұндай бағдарламалар санаға салмақ салмай, қызығушылығын арттырып, күнделікті күйбең тіршіліктен көңілді аулап, адамға эмоция сыйлай алады. Сондықтан халық ара-тұра көңіл көтеретін бағдарламаларды тамашалағанды жөн көреді.
Бағдарламалардың артықшылықтарына жалпылама тоқталып өтсек, ендігі кезекте осы бағдарламалардың тіліне, стиліне талдау жасайық. Тележурналистика саласында журналистің өзін-өзі ұстауы, имиджі, позициясы, шеберлігі қаншалықты маңызды болса, тілді жетік меңгеруі де - оның басты құралы болып табылады. Өйткені, аудиторияның назарын аударып, толықтай қарым-қатынасты орната білу үшін журналист - ең алдымен, нақты әрі сауатты сөйлей білуі қажет. Телебағдарламардың тілі - басым бөлігі ресми стильге, публицистикалық стильге негізделеді. Қазіргі таңда бағдарламалар көп форматты екенін білеміз. Тақырыбына, мақсатты аудиториясына қарай бағдарлама тілі де түрлене түседі. Алайда қаншалықты еркін, ойын-сауық форматта болғанның өзінде, бағдардамалар тілі - белгіленген тілдік нормаларды ұстануы қажет деп санаймын. Жүргізуші бағдарлама тіліне сәйкес жеткізер ойын көрерменге әдеби әрі экрандық нормаларға сәйкес дұрыс әрі түсінікті жеткізуі қажет. Себебі, халықтың тілдік ортасын дамытып, жетілдіре түсу мақсатында күнделікті теледидардан көретін бағдарламалардың тілдік сапасына мән берілуі тиіс. Соның бірі - тілдік сапасына аса мән беретін, ұлттық телеарна «Жетісу» арнасы. Әсіресе, “Тілсақшы” хабарында тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті - басты тақырып болып саналады.
Жалпы телебағдарламар тілінің стилі, сипаты сөзжасамдық құрылымы - бағдарламаның таңдалған форматына тікелей байланысты болады. Мысал ретінде жаңалықтарда жаңалықтар тілінің табиғатына сәйкес “Бүгінгі жаңалықтардан көретіндеріңіз”, “Тілшіміз жалғастырады” дегендей тілдік оралымдар тұрақты түрде қолданыста болады. Оған қоса, жаңалықтардың тілдік стиліне тән тағы бір ерекшелік - уақыттың шектеулігіне байланысты ақпаратты аудиторияға күрделенген құрмалас сөйлемдермен емес, қысқа, түсінікті сөйлемдер мен сөз тіркестері арқылы беру. Бағдарламалардағы сөйлеу мәдениетінің деңгейін әріқарай талдайық. Келесі кезекте - ойын-сауық бағдарламалар. Жана айтып өткендей, әлеуметтік бағдарлама сценарийі де көбіне еркін форматта жазылады. Өйткені, тыңдарман өмірде болып жатқан оқиғаны, қоғамдық мәселені ой елегінен өткізе жүріп ақпарат алады. Ал ойын-сауық бағдарламаларының сценарий жазу барысында көбіне импровизация орын алады. Алайда осы тұрғыда тіпті рейтингі жоғары, аудиториясы үлкен ойын-сауық бағдарламаларының өзі тілдік сапасы жағынан төмен екенін атап өту керек. Ойын-сауық бағдарламаларының көпшілігі еркіндікке тым бейім болғандықтан, сөйлеу мәдениетінің төмендеуіне әкеліп соғып жатады. Өкінішке орай, бағдарлама сценаристтерінің де, жүргізушілер мен көрермендердің де деградацияға, тілдік нормалар мен ережелерге назар аудармайтындықтарынан бұл мәселе еленбейді. Ойын-сауық бағдарламаларының тілінде жиі кездесетін тағы бір мәселе - жаргондардың көп қолданылуы. Яғни, көбінесе шығарылымға, сценарийге реңк беру мақсатында, аудиторияның қызығушылығын ояту мақсатында жаргондарды қолданады. Негізінде ойын-сауық бағдарламаларының телевизиялық сөйлеуінде әдеби тілден ауытқу аудиторияға жақындауға деген ұмтылыстан туындайды, аудитория өзі түсінетін тілде сөйлеуді талап етеді. Дегенмен, неғұрлым күрделі форматтағы бағдарламалар, мысалы, ақпараттық, саяси бағдарламалар, баспасөз конференциялары, саяси сұхбаттар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, кейбір саяси ток-шоулар тілдік нормаларды сақтауға бейім, ал мұндай форматтағы бағдарламаларда сөйлеу мәнеріндегі қателіктер өте сирек кездеседі.
Қорытындылай келе, бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды әрі ең басты мақсаты - халықты қоғамның барлық салаларынан ақпараттандыру болғандықтан, БАҚ әр адамның өмірінде айрықша орын алады. Соның ішінде қазірде теледидар балалар мен жасөспірімдердің және қарттардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі екені бізге мәлім. Дәл сол себептен телебағдарламар тілінің стилдік ерекшеліктері, тілдік нормаларды ұстануы, тіл тазалығы - мұның барлығы дерлік ұлт тәрбиелеуде, жас ұрпақтың санасын қалыптастыруда, қоғамды дамытуда өз үлесін қосады. Бағдарламардағы жүргізішулер мен қонақтардың тілді жетік меңгергені, ойын нақты жеткізе білуі - экранның ар жағынан тамашалап отырған әрбір телекөрерменнің қабылдауына тікелей әсер етеді. Заман талабына сай, еркіндік сәнге айналып, бағдарламалардың форматтары қаншалықты өзгерсе де, тіл мәдениеті мен сөйлеу мәнерін қашан да бірінші орынға қою қажет деп тұжырымдаймын !
ҚазҰУ журналистика 3 курс студенті Насипкалиева Феруза
Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы