Бағалы өсімдік БАҚБАҚ

Бағалы өсімдік БАҚБАҚ
жеке
блог

Наурыз айы. Көктем келіп жер жүзінің құлпырған кезі. Жуалыға биыл көктем ерте келді. Қазірдің өзінде бау-бақшада біраз гүлдер жайқалып гүлдеп тұр. Соның бірі бақбақ. Жемісі піскен кезде себеттен тез жұлынып айдаршасы арқылы желмен ұшып таралады. Осы қасиетіне байланысты бақбақты еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін тез таниды. Балалар жемісін үрлеп ұшырып ойнайды.бақбақ

Бұл өсімдікті көпшілігіміз бау-бақшадан жұлып тастап жатамыз. Ал, бірақ, бұл ісіміз дұрыс емес. Бұл өсімдіктің пайдасын бірі білсе, бірі білмейді. Жасыл дәріхананың бүгінгі кеңесінде бақбақ жайлы жазуды жөн деп санадым.

ҚЫЛТАМАҚ

Оның гүлін жинап кептіріп, ұнтақтап 100 грамын жарты литр араққа салып бір жеті ашытады. Артынан сүзіп алады. Оны қылтамақ болған адам (осы жасалған дәрісі біткенше) күніне бір ас қасықтан 3 рет ішеді. Сонан соң 15-20 күн демалып, емді қайтадан бастайды.

АСҚАЗАННЫҢ ҚАБЫНУЫ

Жапырағы мен тамырын кептіріп, екеуін қосып ұнтақтайды. Соның бір ас қасығын жарты литр ыстық суға салып демдеп, бір күн тұрғызады. Үстіне бір ас қасық бал салып шайқап сүзеді. Күніне 30 грамнан 4 рет 2 ай ішкізсе – тамақ, ішек, асқазанның қабынуы ауруларға таптырмайтын ем.

Шөбі мен тамырының қайнатқандағы тұнбасын асқазан бүріп ауырғанда, несеп жолы қабынғанда қолданады. Ұнтақталған ұнтағын тәбет ашуға, асқазан жұмысын жақсартуға, өт айдауға пайдаланады.

P.S. Жапырағын турап салатқа қосуға болады ))).