Бағалай білмегенге - бақ қонбайды

Бағалай білмегенге - бақ қонбайды
жеке
блог

  «Бақ әуелі адамның аяғына ілінеді. Аяғына келген бақты көтере алмаған,аяғын шалыс басып, жүрісінен жаңылады. Егер аяғына келген бақты көтере алса, бақ өрлеп белге келеді. Белге жеткен бақты көтере алмаған не ұрпақсыз қалады, не өзінен тараған ұрпағына кесірі тиеді.

  Егер беліне келген бақты көтере алса, бақ өрлеп кеудеге келеді. Кеудеге келген бақты көтере алмағанның кеудесіне нан піседі. Өзгеден гөрі өзін жоғары санағыш болып, менмен, өркеуде болады. Ондайдан бақ кетіп қалады.

  Егер кеудеге келген бақты көтере алсаң, бақ өрлеп аузыңа келеді. Бұл кезде айтқаныңа ел ұйыйды. Адамда ауыз біреу, құлақ  екеу, яғни айтпас бұрын көп ТЫҢДАУЫМЫЗ керек. Бірақ  көзіміз құлағымыздан ЖОҒАРЫ орналасқан, сондықтан көрмей тұрып естігенімізге сенбеуіміз қажет.

  Ал адамның МИЫ бәрінен жоғары тұр, демек көргеніміз бен естіген өсегімізді айтпас бұрын ойлануымыз керек.Аузындағы бақты ұстағанның ендігі кезегі - көзінде.Көзіне келген бақты көтере алмағанның көзін шел басып,бар мен жоқты,жақсы мен жаманды айыра алмайтын халге жетеді.Көздегі бақты көтере алсаң,бақ жоғарылап басыңа орнайды.Кетпес бақ деп соны айтады.Басына бақ қонған адам - дана адам.                                                                                                                        Адамдар әр түрлі...Көбіне сыртынан көріп тон пішіп жатамыз.Болмаса белгісіз біреудің теріс пікірінен ол жанға деген ойымыз өзгере бастайтыны да жасырын емес.Өзгенің өмірін сөз етпес бұрын,сіз ол жүрген жолмен жүріп,ол татқан ащы шәрбәтті бір сәт татып көріңізші,алдымен?!Жамандауға дайын тұратынымыз-ай,сыни пікір айту біз үшін түкке тұрғысыз дүние!Сіз білесіз бе,замандас?!Кейде өте сиықсыз,көріксіз болып көрінген жанның көз алдымызда керім тарта бастауы,бұл тән сұлулығынан да көркем жан сұлулығы!Жүрегінің түбіне үңіліп,ақтарыла сыр айтқан айыптауға" рұқсат.жанның мұңды тағдыры...Осының бәрін сезін,сана сарабына сал!Содан кейін "айыптауға" рұқсат.