Бағалай білгін сен мені...

Бағалай білгін сен мені...
жеке
блог

Асқарым менің...

Асқар таумен таласқан аспаным ба едің?

Сен дегенде күрсінер жүрегім нәзік,

Жанарымнан тамшылар жас та тым керім.

Жарығым менің...

Сағынғанда бұлдырар сағымым ба едің?

Жаурағанда жанымның жылуы болып,

Құшағыңа ал - дағы "сағындым" дегін.

Ханзадам менің...

Бірге болу біздерге жазбаған дедің.

Жүрегімді елітіп, ерітетіндей,

Тынысыңнан бөлінген аздаған демің.

Арманым менің...

Алматыда атырар таңдарым менің.

Мендік сезім...сен оны бағалай білші,

Болмаса ұшып кетер бар бағың, теңің.