...
- Өзің қалайсың? Сабаққа келмей жүргеніңе жол болсын? 2 ай бойы көрінбейсің, ағай,апайлар сені іздеп, жазға қалдыратын болып жатыр
- Өөй, жаным-ааау, іздемесе де болады. Шешілмейтін мәселе жоқ. Мен үшін. Бұдан былай. Тіпті де уайымдама !
- Түсінсем бұйырмасын! Бұл не дегенің?
- Маған енді бәрін де істеуге болады. Керек десең, 2 ай емес, қалған 2 жылда да университетте қарамды көрсетпей-ақ қып-қызыл дипломмен көрімдік жинап жүрсем де таң қалма
- Шіркін-ай, рахат қой! Иә, осылай жолың ашылатындай не өзгерді? Өткен жылы "Сабақтан шығып кетсем де , бәрібір. Оқығым келмейді. Надоело!" - дейтін едің, енді келіп "қып-қызыл дипломды" қозғайсың кеп ...
- Ха-ха-ха ! Бәрі өзгерді ! Бәрі ! Менің өмірім 360 градусқа өзгерді, мынаны көрдің бе? (Сыбырлап) 1 миллион тұратын комплект! Б-Р-И-Л-Л-И-А-Н-Т ! Астымда, бұйырса су жаңа С-о-р-о-к-о-в-к-а ! Бүгін 3 айда бірінші рет автобусқа мінген түрім! Сол үш ай ішінде мына Альмира бұрынғыдан өзгерееек ! Шик и блеск! Өмір деген!
- Соны сұрай алмай отыр едім жаңадан.. Енді, айтсаңшы, кенеттен не өзгерді? Лотореядан ұтыс ұтып алдың ба? Әлде бабаңнан қалған мұра ма екен ғайыптан бұйырған?.
- Себеп - менің ғашығым ! Асылым, тірегім, бір сөзбен, мен керемет жанмпды кездестірдім. Ұзақ оқиға, бірде такси тосып тұрғанда сабаққа жеткізіп салған, нөмірімді бермеуші ем ғой, бірақ, Марж, Л-Е-К-С-У-С -тағы ағаға бермеуге болмады. Содан бастап күрт өзгерді ғой бәрі.
- Тоқта, тоқта. АҒА? Ағасы несі? Жасы қаншада?
- (Тағы да сыбырлап) 44- те. Тсс!
- Масқара! Не бүлдіріп жүрсің? Мамаң біле ма? Отбасылы кісі шығар, масқараааа...
- Масқара, масқара... Масқара ештеңесі де жоқ! Мамамен сөйлеспегелі көп болды. Айтпаймын, әрине. Отбасылы болғанда.... Ажырасады... Скоро..
- Түсінбеймін.. Сенбеймін. Үндемей жүріп...
- ООой, ондай моралің бір тиын маған! Менде сұлулық бар ма? Бааар! Жаспын ба? Иәәә! Ал оның ақшасы бар, менде көңілі бар! Міне, "ТЕҢДІК" ! Менің қалағанымды жасайды, аяғымды жерге тигізбей, аялайды! Маған керегі де сол! Басқасында шатағым жоқ!
- Ануар ше? Жігітің бола тұра...
- Қойшы, өтінемін. Оның не мәшинесі, қалтасында көк тиыны жоқ, үйі жоқ, күйі жоқ, білемін, "перспективный" болса, солай шығар, бірақ ол өсемін дегенше, көтерілгеншеее, қартаямын ғой мен. Так что қоя салшы...
-Өмір сенікі. Бірақ,мұндай масқараны бірінші рет естіп отырмын. Махаббат ақшамен өлшене ме ? Сеніңше?
- Сеніңше дейді ғой. А-ха-хах ... Көрер ем, бриллиант сыйлап, қымбат ресторандардан шықпай, мәшине сыйлайтын сондай азамат кезіксе.. Періште бола қалмашы, қымбаттым! Мені "бағалайтын" жанды таптым, қалай болса да сонымен біргемін. Кім не ойласа да, бәрібір. Ой, мына аялдамадан түсу керек екенмін ғой. Сау бол, ой, точнее, қош бол! Сабақтарды да шешіп береді менің сүйіктім. Ағай, апайларға дұғай-дұғай сәлем!
- Ммм.. қош....
Сол күні әншейінде ұмытпайтын, қалдырмайтын құлаққабымды алу естен шығып, автобуста осы бір әңгімені естіп "шок" болдым . Әлгі екеуінің дәл артында отырып, еріксіз тыңдаушыға айналдым. Бір қызығы, әлгі сұлуыңыз өзін құдды бір жеңімпаз, әлемдегі ең ақылды адам сезініп, қасындағы қызға да мұрнын шүйіре қарап, мақтанып отыр. Автобустан түсерде қадала қарап қалғаным да есімде. Иә, сөзсіз сұлу. Көркіне ақылы сай... Деп ойлауы мүмкін.. Сұлуыңыз... Бірақ оның мына сөздеріне бас шайқаудан басқа шара болмады..
Бас шайқап қана қоймай, күні бойы терең ойға батып кетіппін. Басқада шатағың не дерсіз. Бәлкім. Бірақ, мен көрген, байқаған бір ғана жағдай емес бұл. Таңырқадым, бұрын соңды естімеппін дей де алман. Бір танысымның "Бұл күні қыздар үшін, әсіресе, мен сияқты сабақ оқысы келмейтін, тезірек байығысы келетіндері үшін ең дұрыс шешім - қалталы ағашкаға ғашық болып қалу. Ғашық болғанда қалай, өзіңе ғашық қылу. Болды. Бітті. Бақыттыссың ! нағыз сұлулықты бағалайтын да солар !" - дегенін естім төбе шашым тік тұрған.
Бұны неге жазып отырмын? Қазіргі кезде мұндай проблема бар. "Махаббатқа" (оның ішінде машина, ақша, бриллиант, қымбат ресторан, т.б) мастанып, өзінен екі есе жасы үлкен адаммен қол ұстасып жүруге ұялмайтын қыздар бар екен.
Сайып келгенде, дүние үшін, мүлік үшін, "құнсыз" құндылықтар негізінде құрылған "махаббат" баянды болар ма? Бір шаңырақтың шырқын бұзған адамға сондай шаттық бұйырар ма?
Қойылар сұрақ көп. Бір белгілісі, бәрі келіп үйдегі берілер тәрбиеге, бала тәрбиесіне аударылуы тиіс ерекше назарға келіп тірелетіндей ...
Айтуға оңай...
P.S Қалай болған күнде де, мен кіршіксіз сезімге, махаббатқа, шын сезімге сенемін!