Баға қайда барасың?

  Теңгенің құнсыздануынан тауар қымбаттады.Иә,бірі бағаны мәжбүрлі түрде өсіруге тура келді десе,енді бірі сырттан келген өнімнің доллорға бағынышты екенін алға тартады.

   Қазақ елінде қай ауылға,қай қалаға барсаңыз да "мен мұндалап" алдыңыздан қымбатшылық шығады.Ұстаздар мен дәрігерлердің айлығы мардымсыз.Жанармай аспандап тұр,жалақыдан басқа төлемақы ай сайын өседі.Қымбатшылық туындағанда жұмыскерлердің жалақысын,зейнеткерлердің зейнетақысын көтеру қажет деген мәселе туындайды.Үкімет теледидардан зейнеткерлерге 600 теңге қосамыз десе болды,азық-түлік автоматты түрде қымбаттайды.Оны қадағалап жатқан бір қазақ жоқ.Бүгінде халықты қара басының қамынан басқа ештеңе ойландырмайтын секілді.

   Не десек те,нарықтық экономикасы қарыштап дамып келе жатқан мына заманда барлық салмақ қалтаға келіп түсетіні анық.Ақша қодың кірі десек те,қалтаңда теңгең болмаса,тұрмыстың түзелмейтіні де ақиқат.Басшылық бағаны бағамдау үшін жұмыла күресетіндігін айтса да,көпшіліктің күдігі басым.Ендеше әліптің артын баққаннан басқа амал жоқ. 



Бөлісу: