БAC ауруы: Науқас жақыныма қалай көмек көрсетемін?

БAC ауруы: Науқас жақыныма қалай көмек көрсетемін?
жеке
блог

Дертке шалдыққан жақынының денсаулығы мен жағдайын бірінші орынға қойған жандар өздерін ойламай кетеді. Әрине, өзіне көңіл бөлуге уақыты қалмайтыны белгілі. Бірақ өз денсаулығын үнемі екінші орынға қойып, науқастың жағдайын жасаймын деп ауыр жүкті арқалау да – қате. Осылай жалғаса берсе, өз денсаулығынан айырылып, психологиялық жағынан да әлсірей бастайды. Ал мұндай адам жақынына жағдай жасап, көмектесе алмайды.

Сөйлесу және түсіну

БАС ауруына шалдыққан науқастың сөйлеуі, түсіндіруі, ишарат жасауы қиындай түседі.  Қарым-қатынас құрудың балама тәсілдерін табу науқастан да, жанындағы жақынынан да үлкен шыдамдылықты талап етеді. Науқаспен сөйлесу үшін блокнот пен қалам, мәтін мен сурет карталары немесе әліпби тақталар сияқты қарапайым заттар пайдалы болуы мүмкін. Бұдан бөлек пернетақтаға жазылған мәтінді дыбыстайтын арнайы технологиялық жабдықтар да бар. Аурудың алғашқы белгілері басталған кезде науқастың қандай қиындықтарға тап болатынын біліп алған жөн. Содан кейін соған сай дайындық жасалуы керек. Мысалы, науқас адам бұрын компьютер қолданып көрмеген болса, оны арнайы техникалық құралдарға алдын ала дайындап, үйрету керек.