О,Келменбет, дүр баба!
Таңдай қаққан талайлар,
Тау болмысты тұлғаңа.
Қорған болар жұртына,
Сендей туған ұл ғана.
Енді бүгін қарайсың
Тас тұғырдан түйіліп,
Ұрпағыңа мұңдана.
...Кек алмаққа дұшпаннан,
Қалың топқа қансыраған түсті арлан...
Сары қасқа атың шапқанда,
Ілесе алмай, қанат қаққан құс қалған.
Келтеледің, шалғайынан сан шауып,
Тері тонды жібекпенен тысталған...
Ұрпағыңның қылышы бар,амал не,
Тасқа шауып қысқарған.
Батыр баба баданасын оқ тескен,
Сұм ажалмен талай мәрте беттескен.
Қарашасын қорғау үшін шоқ шайнап,
Жалын жұтып,от кешкен...
Бәдізің де биікте тұр бүгінде,
Текті рухың төменге әлі шөкпестен.
...Қамын күйттеп жүрген қара басының,
Қалмайын деп тек көштен.
Мына біздей ұрпағыңды, кеш баба!