Менің сыныптас құрбыларым бүгінде бір-бір үйдің ізетті келіні, адал жар,арасында аяулы ана атанып үлгергендер де бар. Бірақ ұлдар әлі үйленбей жүр ))). Жақында сүйінші хабар келді. Қызды болдық. Бұл біздің екінші қызымыз. Алла қаласа ұлымыздың да дүние есігін ашатын күні жақындап қалды. Бұрын сенің "ұлыңның атын мен қоям, қызыңның атын мен қоям", - деп таласушы ек, бірақ бұл сөздеріміз бүгінде жайына қалды. Дегенмен шаңырақ көтергендер үшін шын жүректен қуаныштымыз. Ал мен құрбыларыма қызыға қарап жүрмін. АЛЛА тағала барша қыздар қауымына "ана", жігіттер қауымына "әке" атануды нәсіп етсін! Шаңырақтарыңызда сәбидің іңгәсі мен былдырлаған бал үні үзілмесін! Әумин!