«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІН ӘЛЕМНІҢ 15 ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ЖУРНАЛИСТЕР АРАЛАДЫ.

 «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі əлем назарында. Бұл жөнінде рухани орталыққа əлемнің түкпір-түкпірінен келген журналистер мəлімдеді.
Ясауи мұрасы мен ізгілікті жолы, тəрбиесі мен қасиеті тұнған мекенге бағытталған сапардың мақсаты да- тарихи орынмен танысу, Түркі жұрты бас иген ұлылар мекенін көзбен көріп, халықаралық туризм саласын дамытуға үлес қосу болып табылады.
Осы орайда, АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Египет, Испания, Жапония, Бразилия, Оңтүстік Корея, Канада, Австралия, Индонезия, Франция, Австрия, Қытай Халық Республикасы және Оңтүстік Африка елдерінен жиналған журналистер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жəне оның аумағындағы тарихи орындарды аралап, ерекше əсерлерімен бөлісті. Сыры мен тарихы тұнған киелі орынның  қорық-музей экскурсоводы Салтанат Ералиева ағылшын тілінде түсіндіріп, экскурсия жүргізді. 
Айта кетсек, əлемдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында әлемге әйгілі АҚШ-тың «Forbes» және «Фрилансер», Италияның ИА «INTERRIS», Испанияның «ElCultural» журналдарының, Оңтүстік Кореяның «JoongangIlbo» газетінің, Египет «Нил-Культура» және «OnTV» каналдарының да тілшілері бар.


Бөлісу: