Әзілдесейік Ағайын !

Студенттерге байланысты

Бір сөзуар лектор:
– Жаныңдағы жолдасыңды оят, - дейді бір тыңдаушыға.
Сонда ол:
– Ұйықтатқан өзіңсің, өзің-ақ оята ғой, - депті.

***
- Білмеймін неге екенін, баламыздан көптен бері хабар болмай кетті.
- Демек ақшасы жеткілікті болғаны ғой.

***
Бір студентке мұғалім:
- Оқуға қалай түскеніңді білмеймін. Бұл барысыңмен талайдың шашын ағартатын шығарсың?...
- Қалай түскенімді білмеймін. Менің де шашым ағаратын шығар.

***
Мен академиялық демалыс алсам ба деп едім?
- Ауырып жүр ма едің?
- Жоғ-ә, келесі жылы стипендияны көбейтетін көрінеді.

***
- Үшінші курстағы Гулькамен қалай тіл табысуды білмей жүрмін.
- Ол оңай. Ағам темекі фабрикасында істейді деңіз.

***
Бірінші курсқа жаңа түскен төрт жігіт бірер аптадан соң былай келіседі:
- Қызға қырындағанда бір-бірімізге кесіріміз тимес үшін осы бастан келісіп алайық.
- Онда Майгүлге мен барамын.
- Ақгүл менікі болсын.
- Сартгүлге тиісуші болмаңдар,- деп үшеуі курстағы әдемі деген қыздарды өз ара бөлісіп алды.
- Төртіншісі үндемейді. Оған жолдастары:
- Сен кімге барасың?
- Сендерге көнбегеніне.

 

Адамның мінез-құлқына байланысты

Түрмеде отырған адам абақтыдан қашып кетіпті.
Оны ұстап, түрме бастығына алып келеді.
Түрме бастығы:
- Түрмеден неге қаштың? – деп сұрайды.
- Үйленейін деп едім.
– М – м – м..., дейді түрме бастығы, - сенің бостандық туралы түсінігің қызық екен.

***
Жұмыстан мас болып оралған күйеуіне әйелі айғайлай бастайды.
Күйеуі:
- Маша, сен айтатыныңның бәрін қағазға жаза салшы, мен оны таңертең тұрғанда оқып аламын.

***
Шешесі:
- Мынау менің туған балам! Сондай мазасыз, тілазар болып өсті.
Баласы:
- Мама, сен өзің мазасыз, тілазарсың! Сенің осындай екеніңді білгенде, мен папамды саған үйлендірмес едім.

***
Слесарь кемпірдің ваннасын жөндеп берді де, кемпірге:
- Ал, апа, сізден бір бөтелке! – деді.
Кемпір:
- Балам, ақшалай-ақ берейін!
- Жоқ, апа, болмайды, мен ақшаны ішіп қоямын.

***
Естідің бе, көрші ауылдағы Иван бақытсыздыққа ұшырады.
- Оған не болыпты?
- Менің әйелім соған тиіп алыпты.

***
Қыз жігіттен:
- Менің туылған күніме қандай сыйлық жасайсың?
- Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
- Ал, мен рұқсат бермесем ше?
- Онда жүре бер сыйлықсыз...

***
Үй иесі қонағына:
- Сіз менің әсем де кербез әйеліммен танысып үлгердіңіз бе?
- Әсем де кербез дейсіз бе?
Не сіздің екі әйеліңіз бар ма?

***
Екі еркектің әңгімесі:
- Сен көшеден әдемі келіншек көрсең, ең бірінші қай жағыңа қарайсың?
- Жақын маңда әйелім жоқ па екен деп жан-жағыма қараймын.

***
Екі көрші сөйлесіп отыр.
- Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр.

 

 
Мамандыққа байланысты

Белгілі бір актриса невропатологтың қабылдауына келеді.
- Сіз ол үшін пәтеріңізді ауыстырып көріңізші.
- Пәтерімді бес рет, машинамды үш рет, күйеулерімді жеті рет ауыстырғанмын. Енді нені ауыстырарымды білмей жүрмін.

***
- Ол философияны ішіп алған.
- Бәсе, жаңа аузынан “материяның иісі” мүңкіп тұр еді-ау.

***
 - Қарындас сіздің әдемілігіңіз бен ақылдылығыңызға сөз жоқ. Тек айтыңызшы, машинка баса білесіз бе?
- Оны неге сұрадыңыз?
- Түбі бастық боп кетсем, хатшылыққа сенімді өз адамым болу керек қой.

***
- Алло! Бұл жедел жәрдем бе?
- Иә, сізді тыңдап тұрмыз.
- Тез маған телефон шалыңызшы. Мен ұялы телефоннан қоңырау соғып тұр едім.

***
Дүкен иесі сатушысынан:
- Неліктен мына кәмпиттер бірнеше рет қағазға оралған?
- Білмеймін.
Сонда жанында тұрған қызы:
- Оны біз сорып көріп, қайтадан орағанбыз...

***
Бір шал теледидарын жөндеуге әкеліпті. Мастер қосып көрсе, теледидар жап-жақсы көрсетіп тұрады.
- Ата, мұның қай жерін жөндеу керек?
- Балам, ана сабанхананы өртеп жүгіріп шығатын қыздың киносы бар ғой. Соны көріп отырып, мық шегені алып құлағымды шұқып едім, бірден дауысы өшіп қалды.

***
- Сатушы жолдас, мен сізден Голландия ірімшігін сұраған сияқты едім, сіз маған Швейцария ірімшігін өлшеп жатқаныңыз не? – Сіз не, бұл ірімшікті әңгімелесу үшін алып жатырсыз ба?.. – Ал, анау прянигіңіз ескіріп кетпеген бе? – Ескірген, көгерудің аз-ақ алдында тұр. Жанындағы печенье ше? – Жо-жоқ!.. Оданда прянигті алғаныңыз дұрыс...


***
- Алло! Сәлеметсіз бе?
- Саламатсыз ба!
- Бұл Жетісу әкімшілігі ма?
- Иә.
- Сіз хатшысыз ба?
- Жоқ, мен секретарьмын.

Мектеп оқушылары туралы

Мұғалім оқушыларға тасбақалар жөнінде сұрақ қоюда.
- Балалар, суда да, құрлықта да өмір сүре алатын тіршілік иесін айтыңдаршы?
- Матростар.

***
Теңізшілер мектебінде емтихан жүріп жатады.
Мұғалім шәкіртіне:
- Егер оң жақ боран дауыл келіп ұрса, сен не істейсің? – дейді.
- Дереу зәкір тастаймын.
- Сол жақ боран ұрса ше?
- Ол жаққа да зәкір тастаймын.
- Құйрықтан ұрса ше?
- Оған да зәкір тастаймын.
- Тұмсықтан ұрса ше?
- Оған да зәкір...
- Сонша зәкірді қайдан аласың?
- Ал сіз сонша дауылды қайдан аласыз?

***
- Біз ана қыз екеуміз бір партада отырдық, сосын үйлендік, сосын балалы болдық.
- Сосын не болды?
- Сосын бізді мұғалім басқа парталарға бөліп жіберді.

***
- Балам, жақсы оқысаң компьютер сатып алып беремін.
- Жаман оқысам ше?
- Онда пианино сатып алып беремін.

 

Отбасы туралы

Бір үйде егіз бала дүниеге келіпті. Далада ойнап жүрген бес жасар бала, үйге келгенде, мамасының қолындағы егіз баланы көріп:
- Мама, мыналардың екеуі де біздікі ме, әлде біреуін таңдап аламыз ба? – депті.

***
Жандос ваннада жатып айқайлайды:
- Папа, маған қандай көйлекті дайындап қойдыңыз? – Қазір жаз уақыты ғой, қысқа жеңдісін. Ал, оны неге сұрадың?
- Мен қолымды қай жерге дейін жуу керектігін білейін деп едім.

***
Әйелі күйеуін жерден алып, жерге салып жатыр. – Оңбаған, ит, қасиетсіз... Кетемін бұл үйден. Билетке ақша бер. Шешеме барамын...
Күйеуі ақша ұсынады.
- Оңбаған, ал қайтар жолға ше?...

***
Қызы үйіне телефон шалып: - Әке, мен күйеуге шықтым, - дейді.
- Ештеңе білмеймін, кешке үйде болатын бол.



Бөлісу: