Бір адам кешкі уақытта машинасымен келе жатып, жолдан жолаушы алады. Жолаушы артқы орынға отырады.
Жүргізуші:
- Иә, балам, қайдан келе жатырсың? Кімсің? – деп, әңгімеге тартады.
Жолаушы:
- Мен Әзірейіл періштемін. Сені алуға келдім.
Жүргізуші күліп:
- Әзірейіл ме? ...сендей Әзрейіл көрсем көзім шықсын. - дейді.
Жолаушы елеңсіз:
- Әзрейілді бұрын көріп пе едің? Осыншалықты сенімді сөйлейсің... -дейді де, артынан: әлі де сенбей тұрған сияқтысың?
Жүргізуші:
- Әрине сенбедім!
Жолаушы:
- Ондай болса 200 метр алдымызда тағы бір жолаушы аласың.
Шыныңда да, айтқандай 200 метр өтпей тағы бір жолаушы машинаны тоқтатады... бұл жолы жүргізуші оны алдыңғы орынға отырғызады.
Жүргізуші қасында отырған жолаушыға:
- Иә, сен кім боласың? Қайда барасың?
Алдыңғы орындағы жолаушы:
- Аға, мен орталыққа жақын бір жерден шығамын. Атым пәленше - деп, өзін таныстырады.
Жүргізуші:
- Арттағы маған не деді, айтайын ба? Әзірейілмін дейді! Хаха, көріп тұрсың ба ақылсызды? Әңгімеге тартпақшы едім, ол болса сықақтап қоймай жатыр.
Алдыңдағысы артқа қарайды да...
- Аға, артта ешкім жоқ қой?
Жүргізуші кенеттен артқа қарап:
- Соқырсың ба!? Артта отыр ғой!
Жолаушы қайта артқа қарайды да:
- Ағатай, қалжындап тұрған боларсыз – артта ешкім жоқ!
Арттағы:
- Көрдің ба? Алдыңда отырған жолаушың мені ести де, көре де алмайды, өйткені мен сені ғана алуға келдім!
Жүргізушінің аяқтары тітреп, үрейленгеннен сұп-сұр болады. Артта отырған болса, жүргізушіге қарап:
- Жә, машинаңды жолдың ернеуіне қарай бұр. 2 рәкат намазыңды оқы дағы, дайын бол! – дейді.
Жүргізушінің көздері жасаурап, үмітсіз пен амалсыз бір күйде машинаны жолдың шетіне қарай бұрып, машинадан шығады да...
Сосын...
Сосын...
Сосын...
...Maшинадағы жолаушылар машинаны ұрлап кетеді!
........................
Ақ боз атты
ханзаданы күтіп
жүрген
ханшайым,сені
іздеумен
шаршадым,әлемді
шарладым.
Р.S Бай керек болса
өзің мені іздеп тауып
ал. С/Н:Ханзада
....................
Жерге қоқыс
тастамаймын.
Аспанға лақтырам.
Жерге түссе,
Ньютонды кінәлағын!
......................
- "I don't know" қалай
аударылады?
- " Мен
білмеймін"
- мәәә. Ешкім білмейді..
.........................
- бауырым, сен осы
Каляни деген
кемпірді танисыңба?
- кім?!... ана
Анандидің енесінің
енесі емеспа, ия?
.........................
Елтаңбаның жерде
жатқаны ұят деп,
"ұлтжандылығымнан"
жерде жатқан 100
теңгені қалтама
салып қойдым...
..........................
Көріпкел, балгер,
құмалақшыларды
жұмысқа
шақырамыз. Мекен-
жайымыз
бен телефон
нөмірімізді
өздеріңіз біліп
аларсыздар.
.........................
Сүйіктіме!
Жаным, саған
әлемнің ең құнды, ең
пайдалы, әрі өте
сирек кездесетін
сыйлығын жібермекші
едім, поштадағылар
айқайға басты: Шық
ана жәшіктен, шық
дейм саған!
Опшым, рұқсат
бермей қойды.
...........................