ӘЗIРЕТ СҰЛТАНДЫ СОТТАУ
блог
ӘЗIРЕТ СҰЛТАНДЫ СОТТАУ Әзiрет Сұлтан, мен бүгiн соттадым Сенi! – Пенденi таппай Өзiңнен басқа ылайық! Көз көрдi – Көктiң жүзiнен аққанын селi! – Жуылар ма оған – Ұлы айып?! Кәпiрлер әуре – түбiңмен жұлып алмақ боп, Айнымас Темiрқазығым! Сан ғасыр олар қазақтан құнын алмап па ед, Тыймай ма әлi де “әзiлiн”?! Бiр бүгiн бе екен дұшпанның масаттанғаны, Қор халық па едiк соншалық?! – Сол ауыр – Сотты қолыммен жасатқандары, Жанықастардай өзiме өзiм қол салып!.. Тоғыз жүз жасап, түнетiп мүрдеңе Құтты, Оралғанда алыс сапардан – Алдыңнан шығып ұрпағың – Түрмеге тықты, Жабысып жүрiп сақалдан!.. Түрмеде – тәнiң, Рухыңды көкке алып кеттi, Ешкiм жоқ қазiр бейiтiңде. – Әзiрет Сұлтан тағы да сотталып кеттi, Исматулла мақсым кейпiнде!.. Соттадық тағы – бұл неткен тиянақтылық?! – Түркiстан шәрi аумайды гүлсiз себеттен... Келiп жүр дейдi серкелер “зиярат қылып”, Келедi кiмге?.. Не бетпен?!.