"Азаттық" радиосы — 1950 ж. Мюнхен қаласында Халықаралық большевизмнен құтқару қоғамы құрған "Бостандық" радиостанциясының ізбасары.
блог
Азаттық радиосы.
"Азаттық" радиосы — 1950 ж. Мюнхен қаласында Халықаралық большевизмнен құтқару қоғамы құрған "Бостандық" радиостанциясының ізбасары.
Тарихы
1953 жылға шейін хабарлар тек орыс тілінде таратылып келді. Осы жылы ғана "Азаттық" деп аталып, Кеңес одағының құрамына кірген барлық республикалардың тілдерінде хабар жүргізе бастады.
Ең алғашқы қазақ тіліндегі хабар 1953 жылдың 18 наурызында эфирге шықты. Хабарларды біртұтас Түркістан редакциясы (Бас редакторы — Асан Қайғы (Мәулікеш Қайболды), орынбасары — Велли Зуннун) даярлады. Бұл редакция қазақ, қырғыз, тәжік, түркімен, өзбек тілдерінде хабарлар жүргізген.
1967 ж. Түркістан редакциясы "Оңтүстік Түркістан" және "Солтүстік Түркістан" деп екіге бөлінді. "Солтүстік Түркістан" редакциясы қазақ, қырғыз, ұйғыр тілдерінде хабар таратқан. 1968 ж. Түркістан редакциясында өзгерістер жүргізіліп, "Түркістан-1", "Түркістан-2", "Түркістан-3" болып үшке бөлінді. "Түркістан-3" редакциясы қазақ тіліндегі хабарларды таратты, басқарушылары — Тағыберлі және Жәкен Бапышұлы деген азаматтар болды.
1975 ж. бұл редакциялар жеке-жеке бөлініп шықты да, қазақ редакциясын Ж. Бапыш басқарды. 1988—1995 жж. аралығында редакцияға Хасен Оралтай басшылық жасады, қазақстандық бөліміне Қиял Сабдалин жетекшілік етті. Тәуелсіздік туын желбіретуге ұлттық рухта үн қосқан бірден-бір радио болды атты журналдары шығып тұрды. Ұйым 1990 жылдардың басында тарады. Азия-тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы — 1989 ж. Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) елдерінің экономикалық дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ дүниежүзілік экономикалық дамуға жағдай жасау, аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін ұйымдастыру, аймақтағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді болдырмау, аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Ұйымның негізгі қағидаттары: жауапкершілік әрі өзара әріптестік, өзара құрмет; дамушы елдердің мүдделеріне сай өзара тиімділік; ашық әңгімелесу арқылы ортақ ойға тоқтау. Ұйым аймақтық экономикалық және саяси дамудағы тұрақтылыққа, аймақтық сауда-саттық, энергетика, қоршаған орта, балық аулау, туризм, байланыс салаларына баса назар аударады. 1994 ж. ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Богаре (Индонезия) бас қосуында 2020 жылға дейінгі дамуға арналған ұзақ мерзімді бағдарламасы қабылданды
Азаттық радиосының барлық журналистері мен штаттан тыс тілшілері мына принциптерді басшылыққа алады:
Нақтылық
Азаттық радиосының журналистері эфирге және басқа басылымдарға шығатын материалдың, оның ішінде интернеттегі барлық жарияланымдардың дерек, ақпаратының мейлінше нақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Деректің нақтылығы жайында күмән туса, ақпарат кемінде басқа екі тәуелсіз бұлақтан расталғаны абзал. Жалаң қауесет пен нақты дәйегі жоқ ақпаратқа негізделген материал эфирге шықпауы тиіс, жарияланбауы да керек.
Деректе қате кетсе, ол неғұрлым жылдам түзетілуі тиіс.
Бейтараптық
Кез-келген ақпарат деректердің шеңберінде /контексінде/ берілуі керек, оқиғалар мен талқыланып жатқан мәселелерді бұрмалауға болмайды..
Журналистер талқыланып жатқан мәселелерге қатысты қарсы немесе өзгеше пікірлерді нақты және таразыланған тең жағдайда көрсетуі керек. Егер әлдебір топтың, не жеке тұлғалардың пікірлері хабар балансын сақтау үшін маңызды болса, бірақ олар пікір білдіруден бас тартса – ол туралы репортажда, мақалада айтып өткен жөн.
Азаттық радиосы - билеуші немесе оппозициялық саяси партиялардан, эмигрант қауымдастықтарынан, коммерциялық және басқа да сипаттағы ұйымдардан, хабар тарату аймағындағы не одан тыс жерлердегі діни ұйымдардан тәуелсіз радио. Азаттық радиосы ешбір саяси, экономикалық немесе діни ұстанымды қолдамайды, олардың мүддесіне насихат жүргізбейді.
Талдау, комментарий және редакциялау талаптары
Жарияланып отырған ақпараттың маңыздылығы мен мәнісін аудиторияға толығырақ жеткізу мақсатында барлық хабарлар мен жарияланымдарда қосымша ақпарат пен сипаттама болуы керек. Деректі репортажда журналист өзінің жеке пікірі мен өз ой- түсінігін араластырмауға тиіс.
Жалпы комментарийден аулақ болу қажет. Азаттық радиосы жеке пікірден гөрі жалпы көзқарасты жеткізгенді жөн санайды. Азаттық радиосының қызметкерлері өз атынан комментарий хабарын аса бір қажеттілік болған жағдайда жаза алады, бұл ретте компанияның Хабар тарату бөлімінің директорынан не болмаса оның орынбасарынан алдын-ала рұқсат алынуы керек. Радиода жұмыс істемейтін сарапшы комментарий жасаса, Азаттық радиосының кәсіби талаптары сақталып, орындалуы тиіс.
Хабар жүргізу мәнері, аудиторияны құрметтеу талабы
Журналист бағдарлама жүргізгенде, матариал жазғанда байыпты және бейтарап болуы қажет. Журналистің сөйлеу мәнері мәдениетті, өркениетті, тілі шешен, ойы түсінікті болуы керек. Барлық тараптардың адамдық құқықтары құрметтелуі шарт. Эфирде және басқа жарияланымдарда тұлғаны, ұйымды діни, этникалық, әлеуметтік-экономикалық, не болмаса мәдени ерекшелігіне байланысты кемсітуге болмайды, жалпыға тән әдеп-ғұрып талаптары сақталуы керек.
Арандатушылыққа, қақтығысқа себеп болатын, біреуді біреудің айтақтауы, айдап салуы ретінде қабылдануы мүмкін материалдар эфирде және басқа жарияланымдарда берілмейді. Қақтығыс не болмаса қандай да бір текетірес туралы хабарлар нақты деректерге негізделуі керек, баланс сақталуы тиіс.
Нaсихаттан аулақ болу шарттары
Азаттық радиосы демократиялық мемлекеттерге тән демократия және адам құқықтарын сақтау принциптерін қолдайды. Азаттық радиосы қандай да бір саясат жүргізбейді, нақты бір заңды қабылдау төңірегінде насихат жүргізбейді, сайланатын не тағайындалатын қызметке ұсынылған кандидаттарға қолдау да, қарсылық та білдірмейді.
Азаттық радиосы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки конференциясының Қорытынды актісінде бекітілген барлық халықтардың өз мәртебесін айқындау құқығын қолдайды. Бірақ сепаратизмге қолдау көрсетпейді, ол тұрғыда насихат айтпайды.
Азаттық радиосы халықаралық дәрежеде мойындалған нормаларға сәйкес, барлық адамдардың еркін жүру және еркін көшіп-қону бостандығын қолдайды. Бірақ өзге елге өтіп кету жағдайларына қолдау көрсетпейді, эмиграцияға кету талпынысын ынталандырмайды.
Этика талабы
Азаттық радиосының қызметкерлері мен штаттан тыс тілшілері жоғары этикалық талаптарды орындауға міндетті, хабар тарату аймағында не одан тыс аймақтарда жеке тұлғалармен және ұйымдармен байланыс жасағанда, саяси не коммерциялық мәселелерде мүдделер қайшылығынан аулақ болып, осындай қайшылық туындауы мүмкін қарым-қатынастарға бармауы керек. Азаттық радиосының қызметкерлері мен штаттан тыс тілшілері жеке пайда табу мақсатында, басқа бір өзгеше мүдде тұрғысында өз абыройына не Азаттық радиосының беделіне нұқсан келтірмеуі шарт.