Азап шеккен хан ұрпағы...

Жақында бір танысыммен әңгіме барысында Алаш қозғалысының жетекшілері жайлы сөз болған еді. Әңгімеден әңгіме шығып, соңы Әлихан Бөкейханның руы туралы өрбіді. Әлгі танысым ұлт көсемі ұлы жүзден шыққан деп дес бермеді. Мен оған: "Шыңғыс тұқымы - төре" деймін. Содан не керек екеуміз біраз жерге барып тарқастық. Сол себепті осы постты жазуға тура келді. Мақсат әлгі танысыма дәлелдеу емес, солай қателесіп жүрген көптеген азаматтардың көзін жеткізу.

 Әлихан Бөкейхан:

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Қазақтың соңғы хандарының бірі - Бөкейдің ұрпағы(Бөкей-Мырзатай-Нұрмұхамед-Әлихан)

 

Әлихан Бөкейхан елі ел болып, өзгелермен терезесі тең дәрежеде болсын деп талай-талай асуды, алуан түрлі белдерді кешті. Бұл азаматтың өмірбаянын білу әр қазаққа парыз деп санаймын. Сіз екі жылда қаншалықты өзгеруіңіз мүмкін? Бір-екі әжім немесе бірнеше кг қосу яки тастау? Ал бұл кісі қазақты қазақ қылам деп екі жылда былай өзгерді...



Бөлісу: