Азаматтық неке қазақ халқының қоғамына сай ма?
блог
Қазіргі таңда елімізде азаматтық некеге тұрушылар саны күннен күнге артып келеді. Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы» туралы заңында мүлде қарастырылмаған бұл некені дұрыс деп санаушылар аз емес.Азаматтық некені жақтаушылар немесе сол некеде тұрғандар өздерінің қоғамға қандай залал тигізетіндерін білсе ғой шіркін. Статистика бойынша азаматтық некеде тұрушылардың жиырма пайызы ғана отбасын сақтап қала алса, қалған сексен пайызы ажырасып, некесіз балалардың келуіне себеп болады.
Кейбіреулер бұл некені бір-бірін жақсы танып, білу үшін құрылатын неке деп түсінеді екен де, кейін бір-бірімізге мінезіміз сай емес деп қайта ажырасып кете береді екен. Бұл не? Батыс халқына еліктеушіліктен туған арсыз қылық.
Қазақ халқы ежелден некеге үлкен көңіл бөліп келген. Халқымыз екі жас некелесерде алдымен ата-анасының ақ батасын алып, Алланың алдында некесін қидырып отбасын құрған. Діни көзқараста «Азаматтық неке – ашыналық неке» деп саналған. Некесі ресми түрде қиылмаған әйел мен ер адам бір шаңырақ астында тұруы үлкен күнә болып табылады.Біздің заманымызда жастардың заңды некелеуге асықпай, некеге немқұрайлы қарауы алаңдатарлық жағдай. Баяғы қазақтың ұятты қыздары мен намысшыл ұлдары қайда бүгін?
Менің айтарым, біз жастар өзге ұлтқа еліктемей, қазақ екенімізді ұмытпай, менталитетімізге мүлдем жат азаматтық некенің кең қанат жаюына жол бермеуіміз керек.