Аз-мұз ұрттап қойған бойжеткеннің әңгімесі
блог
Аз-маз ұрттап қойған бойжеткеннің әңгімесі Өкінішке орай ма, қуанышқа орай ма, сорым ба, бағым ба, білмеймін, әйтеуір мен сізге ғашықпын. Қудайым – ай ғашықтық сезімімді сізге қалай білдірсем екен?! Жоқ, мен ешқашан жігіттерге бірінші болып сезімімді білдерген емеспін, білдірмеймін де. Сізге деген махаббатым күннен – күнге жанымды жегідей жеп, жүрегімді өртеп барады. Енді қалайша сіз менің өзіңізге деген махаббатымнан хабардар болар екенсіз?! Мені жарылып кетпесін десеңіз менің өзіңізге ғашық екенімді біліп алыңыз. Білмейм, карта аштырасыз ба, бал аштырасыз ба, әйтеуір, мен сіздің өзіңізге құлай ғашық мына менің сезімімнен хабардар болғаныңызды қалаймын. Мен босқа үміттеніп жүре бермейін, менің ғашық екенімді білген бойда бір шара қолданыңыз. Иә, мен де сізді ұнатамын дейсіз бе, жоқ, менің өз сүйгенім бар дейсіз бе, әйтеуір бірдеңе қылыңыз. Мен сезімімді біржақты қылайын. Сізге деген пәк сезімімді яғни, ғашықтығымды жалғастырайын, немесе оны мүлде өшіріп тастайын, мұның екеуі де қолымнан келеді. Осы екі таңдаудың қайсысын таңдарым ол тек қана сізге байланысты. Сіз қалай шешсеңіз, мен де соны құптаймын. Егер сіз мені ұнатпасаңыз, бұдан былай менің көзіме көрінбеңізші, сізді ұмытуыма бір көмегіңіз болсын. Бірақ жер дөңгелек қалай көрінбей жүресіз?! Сіз ақылдысыз ғой бір амалын табыңыз. Әйтпесе маған өте қиын болады, өте қиын.