Аз да болса, көптей көрші...

Аз да болса, көптей көрші...
жеке
блог

Туған күн дегенді ұнатпаймын деген сөзді біреуден естісем, бір-түрлі боп қалатыным бар. Өзінің өміріне риза емес жанның айтқан сандырағы болар деп ойлаймын да, жүре беремін. Әлде, мен білмейтін бір тылсым бар ма, себеп бар ма?! Бір Алла біледі о жағын. Айтарым бұл емес,негізі)) 

Өткенде айтқанымдай, студент атандым. Жатақханадамын. Оқу басталғанына дәл 1 апта болатын күні (6-сынан 7 -не қараған түні) және (7-нен 8-не қараған түні) қос туған күн болды. Сабақ басталар басталмастан бар ақшаны қайда құртып тастаған деп ойларсыздар, әйтсе де ақшаның да шеті көрінеді бастады алғашқы күндердің өзіңде) Зачетка, оқырман билеті, жүріс-тұрыс дегендей... Енді міне, қатарынан қос қуаныш!  Содан қызығы сол, сағат 12де бәріміз жиналып, Гауһардың бөлмесіне баратын боп келістік. Енді сыйлық керек қой. Бәріміз 100теңгеден бірігіп, торт, шар, шам дегендерді құшақтап баратын болдық. Осынша аз ақшаға сыйлық алу ұят... әйтсе де, тауып жатырған ақшамыз жоқ болған соң, азбен қанағат дедік. Әрі кураторымыз 100 теңгенің өзіне адамды қуантуға болады деген болатын. Содан барып, құттықтап, 1 сағаттай отырып, бөлмелерімізге оралдық.

Ертеңгі күнді туған күн иесі Ақерке ерекше күтті.16мен тезірек қоштасқысы келген болу керек, шамасы... күткен сәт те келді. Өзі де торт алып қойғанын біліп, өзге зат алатын болдық. Содан өзі балажан адамға балалықты еске түсіретін зат алуды жөн көрдік. Светильник алып бердік, тағы да 100 теңгеден бірігіп))

сонымен, екі туған күн артта қалды. Келесісі қазан айында. Ол қалай боларын?...

Мұны сөз еткен себебім, бұрын ақша жаратқан білінбейтін. Қазір әр тиынды санайтын болдық. Сірә, үлкееен өмірге қадам басты деген сәт осы-ау. Қызық екен! Не де болса, аз да болса, көптей көріңдер, құрбыларым! Осыдан жұмыс жасайын, одан да жақсы сыйлық алып беремін деп қояйын. (Бала кезімде айналамдағы жандардың бәріне өскен соң ананы-мынаны алып беремін деп уәдеге тойдырушы ем...) Алла жазса, текке оқып жатырмаған шығармын? БАЛА ҚИЯЛДЫ БАСҚАРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ! ҮНЕМ МЕН ҚАНАҒАТ СЕРІК БОЛСЫН!