Ринат Зайытов мен үшін нағыз ақын.
Айтыста қыйылып қалған өлеңдарінен:
Жұртыма бола қоймас жат ақылым.
Ашынғаным ащы тисе аса тілім,
Қазақтай ұлт жоқ білем бар әлемде,
Тұщынбай тағдыр уын тата тұғын.
Алла берген жерді қорғап бабалары,
Балалары ойланбай сата тұғын.
Саңырау басшылықтың кесірінен,
Көктемде су астына бата тұғын.
Бізде ғана солдат бар жалғыз өзі,
Он төрт солдатты өлтіріп қаша тұғын.
Бізде ғана бар мықты ұры әкімдер,
Ұстатпай шегарадан аса тұған.
Бізде ғана тас бауыр үкімет бар,
Ел байлығын оңды солды шаша тұғын.
Әділдік сұрап шыққан мұнайшыны,
Аямай автоматпен ата тұғын.
Өйткені қазақ деген қой секілді,
Қасқыр көрсе орынында қата тұғын.
Бауыздауға бусада төрт аяғын,
Жүнімді қырқама деп жата тұғын...