"Айтыс алаңы": Үздіктер анықталатын уақыт жақындады

"Айтыс алаңы": Үздіктер анықталатын уақыт жақындады
жеке
блог

Көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген «Айтыс алаңы» бағдарламасы бәрімізге жақсы таныс. Қазақтың төл айтысын қайта жаңғыртқан 31 телеарна бұл айтулы бағдарламаның жартылай финалдық және финалдық кездесуінің түсірілімін қараша айының үшінде бастаған болатын.

Бағдарламаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен аузы дуалы 12 ақын қатысқан болатын. Қатарында елімізге жақсы танымал Ринат Заитов, Болатбек Оразбаев, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Ершат Қайболдин және т.б. қазір бабында жүрген ақындар болды. Оларға төрешілік еткен айтыстың жанашыры Жүрсін Ерман болды. Ал шоу – бағдарламаны жүргізіп, тізгінді өз қолына алған танымал актер Болат Әбділманов.

Екі бөлімнен тұрған бағдарламада ереже бойынша іріктеу кезеңінен қарсыластарын сөзбен сұлатқан 4 ақын жарылай финалда айтысты. Үш айға созылған жоба өзінің ақтық мәресіне жақындап, 7 қараша күні 31 телеарнадан жартылай финалдың көрсетілімі басталмақ. Жартылай финалға жолдама алғандар семейлік Рүстем Қайыртайұлы, қызылордалық Мұхтар Ниязов, алматылық Болатбек Оразбаев, ақтөбелік Ершат Қайболдин.

Жобаның кеңесшісі, бас төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның айтуынша «Қазір Қазақстанда 150-тен астам айтыскер ақындар есепте тұрған. Солардың кез келгені суырып салу өнерін меңгерген, қабілеті бар талантты дарындар. Соларды осылайша аяқ астынан сөз табуға жетелеп, бір қызық, халықты ұйытатын, ой салатын, тебірентетін, рухын көтеретін жаңа жоба болса екен деп үміттеніп келіп отырмыз.»

Алтынбек Қоразбаев: «Айтыс өнері деген- мынау қазағымыздың төл өнері. Бұл қазақтың қазақтығын ұмыттырмайтын жақсылық деп ойлаймын. Ал енді мынау 31-арнаның айтыс алаңы деген жобаны ел сүйіп тыңдайды. Бұл арна бұрыннан өзінің әділдігімен, демократиялық принциптерімен халықтың ықыласынан шығып жүр ғой. Арнаның дәл осы жобаны қолға алуы - төл өнерімізге деген үлкен жанашырлығы деп ойлаймын. Бұл халық сүйіп көретін, асыға күтетін бағдарлама болады деп сенемін. Тіпті, арна басшылығы айтысты қолға алған екен жалғасын табыды деп сенемін.»

Керемет жоба, керемет бастама деуге болады. Қазақы менталитетті жоғалтпаған бірден бір өнер де дәл осы айтыс екені бәрімізге мәлім. Жоба авторлары үздіктен үздік шыққан ақындарға жалпы көлемі 2 миллион теңге көлемінде сыйақы беретінін де айтып өтті. Ендеше, финалға жолдама алған ақындарымызға сәттілік  тілей отыра,  7 қараша күні жеңімпаздардың өнерін бірге тамашалайық.

 

Айтыс алаңы

 

 

Айтыс алаңы

 

 

Айтыс алаңы