Білемін.
Маған деген көңіліңнің барлығын,
Жолыққанда тіл қата алмай абдырдың.
Сырға толы жүрегімнің иесін,
Менде алғаш көргенде-ақ таныдым.
Мені іздейсің арасынан өзгенің,
Сезіміңді көздеріңнен сезгенмін.
Дидарыңнан байқап қалам әр сәтте,
Маған деген сағыныштың іздерін.
Бірақ неге?
Сезе алмаймын жүрегіңнің жылуын,
Мүмкін бұл да сенің тағы қулығың.
Алыстасың жүрсең-дағы жанымда,
Сосын жүрем жетегінде бір мұңның.
Әлде мені сынағаның осы ма?
Мен қашанғы күтем сені тосыла.
Бар ма амалым төзімімді жиып ап,
Жүре берем өзіңді ойлап таусыла.
P.S. Мен күтем ау, алайда өзің келгенде,
Кештеу қалып қалмасыңа кім куә?
Ғазиза Ақмахан