Айттарыңызбен!
блог
Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтайтын атам қазақ үшін ең қымбат, мерейлі мереке - айт мерекесі де төбесін көрсетті. Бұл күні ел-жұрт ерте оянып, жуынып-тазаланып, "еркек тоқты - құрбандық" деп, құрбандық шалады. Жасы үлкен кіслерге сәлем беріп, батасына бөленетін күн бұл. Ренжісіп қалған кісілер бір-біріне жібіп, татуласып, бейбітшілік салтанат құратын кез...
Дастарханның молшылығы мен бейбіт өмірді иісі қазақ ежелден мұрат тұтқан. Айт күндерінде үйге айттап келген әр адамды қабақ шытпай, көтеріңкі көңіл-күймен күтіп, дастарханнан тағам үзбеу шарт.
Массагет.кз порталының ұжымы бәріңізді осы бір айтулы мерекемен құттықтайды! Еліміз аман, ұйқымыз тыныш болсын әрдайым. Отбасымыз, жақын туыстарымыз, жора-жолдас, сүйікті адамдарымыз аман-есен болғай! Ынтымақтастық пен бейбітшілікте тірлік кешуге жазсын!
Сурет: мұрағаттан