Айтшы қәне жасайсың ендігі не?

Айтшы қәне жасайсың ендігі не?
жеке
блог

Пудраның күшімен жүзі аппақ,

Помада да жағылған ерініне.

Қызыл көкті қабаққа бояу жағып,

Таяқ жеген ұқсайды әйелдерге.

Қара қастың орнына қара сызық,

Қара шашы бойалған түрлісіне.

Шаш дегенді өмірден жұбы кайтып,

Қалса ғана жайады жесірлене.

Етінен аса өскен үшкір тырнақ

Мыстанда кезігетін ертегіде.

Егелеп, лакты жағу шұбаралап,

Қыздардың айналыпты ермегіне.

Кіндік, кеуде, сандарын жалтыратып,

Шетелдің сәнқойына еліктеуде.

Сүю тұрмақ, маңдайдан иіскесем деп,

Кездер қайда қарайтын емірене,

Қазіргі таң сүйісіп тістелесіп,

Нәпсінің түсіп кетер етегіне.

Табиғи сұлулықты қолдан құртып,

Айтшы қане жасайсың ендігі не.


Нұғман ӘБІЛХАЙЫРОВ