Айтпақшы! Өзім туралы...

Айтпақшы! Өзім туралы...
жеке
блог

Сәлем сөз басы дейді ғой, барлықтарыңызға үлкееен салем! Бұл сайтқа кеше ғана қосылдым.
Менің байқауымша енді қосылып жатырғандар өз жазбаларын танысуға арнапты. Ал мен ол жайында ұмытып кетіппін. Айыпқа бұйырмаңыздар!
Есімім-Назерке Атырау қаласынан боламын. 1998ж. 23 қыркүйекте туылдым.
Бір түндік астында түтін түтетіп отырған отбасы мүшелерінен бастайын! Ақбөкеннің таңындай әдемі, жанұямызды айрандай ұйытып отырған, бөбектерінің бақайын сазға тигізбеген асыл анашым-Лира. Мен үшін балуандай білегі, құдіретті күші бар, биік бәйтерек-әкетайым-Қуандық. Жан дегенде жалғыз бауырым, қырмызы қызыл жібек бозбаласындай ағам-Нұрдәулет. Және мен-Назерке.
Өзім Атырау облыстық ұлттық гимназияның 9 сынып шәкіртімін.
Ең кішкентайы болғандықтан ба? Мені еркелетіп өсірген...
Көңілге қуаныш, көзіме нұр толтыратын достарым да жетерлік!

Өзім өте қиялшыл қызбын! Әртістерге еліктеп өсіп келемін! Жасым 15-те болса да, СУПЕРГЕРОЙға еліктеймін:D

Алға қойған мақсатым тілші болу! Шыны керек... тек ол емееес!) Әртіс те, режиссер де болғым келеді!)
Міне өзім жайлы...қысқаша...