Айтпады деме...!
жеке
блог
блог
Сұлусың-ақ көңілді, сол үшін тап-таза арың,
Көрсетіп қылығыңды, жанымның тап ғазалын.
Өлеңмен күйді ақтарған, ойыммен жинақталған,
Жүректі «қалам» етіп, өзіңе хат жазамын.
Көзіңнен көргенмін-ау ып-ыстық көктің нұрын,
Сезімді сәуле етіп, тек маған төктің,күнім.
Ұйқысыз таң атады, сені ойлап,балапаным,
...Қысқасы,өзіңді шын сағынып кеттім бүгін.
Өлеңді саған деген отырмын кесте қып мен,
Ғашық боп құрғыр мынау ой-ұшып,ес те біткен.
Өзімді өзім ғана бір сәтке жұбатамын,
Жадымда қалып қойған көптеген естелікпен...
...Алыстап бара жатсын,байқасам,анық менен,
(Жалмауыз жалғыздықтан расын да жалықты өрен)
Осылай сағындыра беретін болсаң,жаным,
Күтпестен оқуыңды, «келін» қып алып келем.
...Айтпады деме!