Айтайын дегенім не еді?
блог
Кеше маған техничка Мира «жұмысқа 09.00-де келші, тазалық жасаймыз» деген. Бүгін 06.00-де бір ояндым да кейін ұйықтап қалыппын. 09-00-де атып тұрып, жуынып, киініп, шай ішіп, еще шашымды құрғатып, таксимен келдім. Келсем, техничкалар кешігіпті. Ешкім жоқ... Айтайын дегенім бұл емес бірақ.
Бүгін қатып ұйықтадым да, біртүрлі түс көрдім. Түсімде ауылдың бір үйінде жүрмін. Жақсы үй. Қараңғы. Үйде кішкентай балалар жүр. Біреуін көтердім, екіншісін көтердім. Ағамның балалары-ау деп қоямын. Сүйкімді балапандарды ойнатып жатырмын. Бірақ жүрегімде бір үрей бар... Айтайын дегенім бұл да емес сияқты...
Таң ата басқа түс көргенмін. Әлде бағанағының жалғасы ма. Достардың бірімен жыралы жерлерді аралап жүр екенмін. Бұрын репрессия құрбандары атылған жер деп қоямын. «Легал» деген жазуы бар жақтауды көрдім. Ауылдың аты солай. Бір кезде бір шыңырауға түстік. Өлекселер бар сияқты. Кенет қасымдағы адам «иттер жүр!» дейді. «Тар шыңырауда өлік жеп үйренген иттер бізді де жейді ғой» деген оймен қорқып, түсініксіз бір жаққа сытылып шығып кетіппін. Ал қасымдағы адам қалып қойды. Шыңырауда екі корей кісіні де көрдім. Айтайын дегенім бұл да емес.
Жұмыста «V-Alem» тобы жайлы жазып тастадым. Түскі ас ішейін деп, Абай-Достықтағы «Қағанатқа» келсем, сұмдық! Іші лық толы екен, ұзыннан шұбалған адамдар легі келіп жатыр. Сөйтсем, Республика сарайында желілік маркетинг зомбилерінің басқосуы болыпты. 3000-ға жуық адам шағын «Қағанатта» давка жасап жатыр. «Сетевик» қатындарды жек көремін. Сарайда отырған жерінде есік-терезені бітеп, тұншықтырғыш газ жіберіп, сырттарынан қалай қиналып өліп жатқанын ләззат ала тамашалағым келеді. Анау-мынау емес, үш мың паразиттен тазару болар еді!!! Ешқандай жаным ашымайды: олардың балалары бар шығар, туыстары бар шығар, бәрібір, бәрібір. Олар – «сетевиктер» немесе ұрғашы хайуандар. Айтайын дегенім бұл да емес деймін.
КИМЭП-тің асханасы ситуациядан құтқарды. Мұнда да сол зомбилер бар екен бірен-саран. Кезекте тұр едім, алдымдағы ағылшын шал мен студент шүлдірлеп жатыр. Ағылшынша сөйлей алмайтын болғандықтан, іштарлығым бар, көре алмаушылығым бар, жыныма тиіп тұр. Жылжудың орнына әңгімені көбейтіп, сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. «Алла-ау, қарны аш емес пе» деп, агрессиям көтеріліп, «з»-дан басталатын алғашқы боқтық сөздерім де жаймен аузымнан шығып жатты енді. Қиялымда: ана қақпас шалды балтаның сабымен әуелі көкжелкеден бір, кейін жүзімен арқа омыртқасы тұсынан бір, екі, үш, төрт, бес, (бетім әбден қан-қан болып) жеті, сосын «сегіз» деп, тағы бір контрольно соғып жатырмын. Бір кезде кезегім жетіп, агрессиям басылып, тәбетім ашылып, борщ пен котлетасы бар макарон алдым. Қарнымды тойдырған бойда, ағылшын қақпасқа аяушылық білдіре бастадым. Ал Республика сарайының алдында жүрген «сетевик хайуандарға» аяушылығым оянды ма десем, жоқ, сол баяғы газбен арам қатырғым келіп тұр әлі, қызық!?!
Айтайын дегенім бұл емес деймін негізі, түуу!