"Не ексең соны орасың" деген рас сөз... Асекем де өзіме тартқан. Айтқыштығы бір басына жетеді. Көп сөзге жоқ. Ал әзілі уытты. Ана мен бала сияқты емес, кез келген тақырыпта ашық әрі әзілдесіп сөйлесе береміз. Қателігін көрсем оңдырмаймын. Алақаным аялай білгенмен, аузым жазалай салады кейде... Бірақ шеңберден шыққанмен, шектен шыға бермейміз...