АЙТАДЫ-АУ...

АЙТАДЫ-АУ...
жеке
блог

  • Әсілі, мен ұлыма мен қатты ашуланғанда, жалпы, өзіне ұрысқанда мұны ушықтырмау керектігін, мүмкіндік болса, әзіл айтып күлдіріп жіберудің дұрыс екенін әрі оның екі жаққа да тиімділігін үнемі айтып отырдым. Бұл да - тәрбиенің түрі))))))))... Әсіресе қауіпті саналатын өтпелі (переходной) кезеңде осыны құлағына мықтап құйғам. Өйткені оның қолынан басқа келмесе де, әзілдесу келеді. Ашуланған адамның тіліне ерік беретіні бар. Ал менің тілім удай. Еркелеткенде бал тамғанымен, ашуға ырық бергенде протоның айдалада қалсын, у ағады...)))) Оооо, бір кездегі берген кеңесімнің нәтижесін көргенде қандай, "жемісін" жеп жүрмін бүгінде...
    -Неге өзіңнің қателігіңді мойындауды білмейсің? - деп ашуландым көз алдында тұрған туралған нанды көрмей, соншама нанды тағы турағанын көргенде... - Бет бақтырмайсың тағы!
    -Жүрегім-ааай! - Аңыртылып бетіне қарадым.
    -Түуууу, періште балаңа соншама ауыр сөздер айттың ғой!
    Ары қарай қалай ұрсасың, ха-халаған күлкі кетті...

    *** 
    Енді бір жолы тазаланбаған аяқкиімін көріп ашуым бұрқ ете қалғаны...
    -Әй, қазақ!
    -Не болып қалды?
    -Анау есіктен кіргенде "ассалау" деп алдыңнан "шығып" көзге көрінетін бес батпан аяқкиіміңді неге тазаламайсың? Отырсың босқа!
    -Түуууууууууууу, я самый безобидный человек на свете, самый красивый ұлыңды ренжітуге қалай дәтің барады?
    -.... 
    Өштім! Осыдан соң есі дұрыс адам жалғастыра ма?)))))))))))

    **** 
    -Асеке, үйді тазалап шығайықшы...
    -Қолым көтертпей тұрғаны...
    -Не болды?
    -Түсімде турникке жанталасып тартылып жатқанымды көріп ем. Терлеп-тепшіп спортпен айналысып жатыр екенмін. Қолдарым ауырып, иығым көтертпей қалыпты. - Аузым ашылы-ы-ы-п тыңдап қаппын ғой... Жағы тынар емес.
    -Сен де түсіңде арықтаймын деп жанталасып жатқаныңды көрсеңші. Результат болатын сияқты...
    -Тфу! Сен балаға дауа жоқ екен!!!

    Қалай екен менің тәрбием?)))))))) Мына бала бар ғой, кейін келіншегін осылай үйретеді. Көресіздер! Үндемеңіздер, мен бұдан туған балаларды солай тәрбиелеп, "өшімді" алам әлі! Алла сол күнге жеткізсін! Үйлеріңізден әзіл кетпесін, ағайын!

    Айтпақшы, езуіңе күлкі үйірер Ғалым Смағұлдың "Карикатурасы" менде бар, алыңыздар, хабарласыңыздар...)))))))))) Қалақай-қылқаламның иесі де қуанып қалсын!