Айта алмай жүрген сөздерім...

Айта алмай жүрген сөздерім...
жеке
блог

"Алтыным" дейсің, 

Алтынға мені теңейсің,

Алайда, неге?

"Ғашықпын саған!" демейсің?

Жүректі жаулар сөздерді жиып айтқанмен,

"Сүйем!" деп айтар сезімге неге кедейсің?!

 

"Тентексің!" дейсің,

Баладай қарап күлесің,

(Білемін оны, менсіз-ақ өмір сүресің!)

...Сүйгенің қайда?

Құшаққа мені алып ең...

Қалайша енді түк болмағандай жүресің?!

 

Күлімдеп тұрып періштеге де балайсың,

Мендік жүректі өзіңдікі деп санайсың!

Сендік жүрек ше?

...Менікі емес!

Не үшін?

Неліктен менің қиналғанымды қалайсың?!

 

Жәй ғана сөзбен жүзіме күлкі сыйлайсың!

...Әлеміме неге ғана сыймайсың?

Көзімнен менің ғайып боп кетсең қайтеді?

Ғайып бол!

Бірақ...

Ол кезде тағы қинайсың!

 

Егембергенова Гүлдана