Айша! Туған күніңмен!

                 Иә, иә, сезіп тұрған шығарсыздар жазбам кім туралы екенін... Бүгін, яғни 10-қараша, менің сыныптасым, құрбым десем артық болмас, "перілерімен" қорқытып, "балапандарының" қылығымен, өзінің клипімен күлдіріп жүрген  "бұзық" Айша Балтахаеваның туған күні! Сурет - 11-сыныптағы соңғы қоңырауымыздан қалған естелік. Айша, есіңде ме, сенде бар ма осы сурет? (Ерекшеленіп тұрған Айша екені анық шығар)) 

               Сонымен, жазба мақсатына келсек. Қымбатты құрбым! Кеш те болса (бүгін массагетте отыруға уақытым болмады, айып етпеші) бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын сені! Массагеттің "танымал блогшыларының" қатарынан табыла бер! Өз оқырманы сап түзеген жазушыға айналарсың деп үміттенемін! Екі ботақаныңның қызығын көріп (осымен тоқталып қалмассың, кішкентай, бұзық Айшалар бар, енді кішкентай, бұзық Бахалар болар дегенім ғой), өмірден өз орныңды таба бер! Қысқасы, туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Қолыңды алып, құшақтап, бетіңнен сүйіп құттықтамасам да, жүректен шыққан сөзім, тілегім жүрегіңе жетер деген үміттемін. "Перілеріңді" көріп, бізді қорқытар жазбалар және "өткендегіден" "өзгеше" клиптер түсіріп, бізді күлдіріп жүре бер. "Айшасыз Массагет Массагет емес" ( артық айтқаным емес шығар, Массагеттіктер, иә?) деген тіркес қалыптасатындай дәрежеге жетуіңе тілектеспін! Сонымен, ойша мен жасаған торттың бетінде ойша безендірілген 25 роза гүлін (шырақ қадағанды ұнатпаймын) сүйсіне жедім деп ойлап, туған күніңді жалғасты қызықты өткіз. Ертең сәл "кәрі" болып оянатының болмаса, бәрі бұрынғысынша...)) Құрбыжан Айшежан, екі дүние бақытын нәсіп етсін Алла! Денің сау болып, Алладан басқа ешкімге мұқтаж қылмасын Жаратқан. Сонымен,  Т У Ғ А Н К Ү Н І Ң М Е Н, АЙШАЖАН!!!  



Бөлісу: