Қоғамда көп айтыла бермейтін жастардың субмәдениеті аясында орын алып жатқан жағдайларды ескере отырып, субмәдениеттің тарихи бастамасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, "Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранты Сәрсебаева Рауанның, «Мәдениеттану» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге « ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы жастар қозғалысы. Бірегейлену тәсілі » атты тақырыбы бойынша ашық сабағы 2021 жылдың 11 наурыз уақытында өткізілді.
Аталған іс-шараға 3 курс мәдениеттанушы студенттері толығымен қатысып, өздерінің тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсете алды. Алдын ала тақырыппен танысып, іс-шара барысында тек талқылауға баса назар аударды. Ашық сабақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Аликбаева М.Б. қадағалануымен өткізілді.