«"Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде асқан қажеттілік" дейді Гарвард университетінің нақылдары¬ның бірі. Соған байланысты, сендер алатын сапалы білім бар болғаны жолашар интеллектуалдық капитал болып табылады. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет. Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмей¬тінді қайдан табуға болатынын бі-летін адам». Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын. Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек»,-деді президентіміз Н.Ә.Назарбаев студенттерге арналған үндеуінде. Елбасымыздың 2050 жылға арналған жолдауынан-ақ жастардың біліміне басты назарын қойғанын және оларға риясыз сенім артатынын байқаймыз. Болашағынан үлкен үміт күттіретін университеттердің бірі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттерінің бірі де бірегейі. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асырушы сапалы маман даярлайтын, заманауи оқу орыны.
Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды тәрбиелеу міндетін атқарушылардың бірі ЖОО екендігі бесенеден белгілі. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын». ҚазҰУ – алғаш мемлекеттік аттестациядан өткен, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындар жүйесінің көшбасшысы. ҚазҰУ – ТМД университеттері арасында үшінші орында, QS рейтингісі бойынша соңғы екі жылда әлемдегі үздік топ университеттер қатарында, QS рейтингісіндегі позициясы – 305 орын, ThomsonReuters агенттігінің «2011 жылғы ғылым төңірегіндегі жетістіктері үшін» арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасындағы бірінші жоғарғы оқу орыны, халықаралық «GreatValueColleges» ұйымының қорытындысы бойынша әлемнің 50 технологиялық дамыған университеттер қатарына кіріп, рейтингте 31 орын иемденді. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасында қазақстандық ЖОО-дан жалғыз өкіл. UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» саналады.
Университет оқытушылары мен студенттерін еліміздің әлеуметтік жаңғырту үдерісіне тарту мақсатында кеңкөлемді «Айналаңды нұрландыр!» жобасы іске асып жатыр. Оған Республикалық «Айқын» газеті ақпараттық қолдау көрсетеді. Студенттердің мәдени және танымдық деңгейін жетілдіру үшін және әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «100 кітап» жобасы қолға алынды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жыл сайын «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриоттық фестивалі өткізіледі. Студент жастарды өнерге баулу мақсатында Қазақфильммен бірлескен «Отандық кино күні» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстанның көшбасшы университетінің миссиясы - кадр потенциалын құру, отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындау. Классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу.